Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі



бет2/14
Дата03.03.2023
өлшемі2.35 Mb.
#470297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс-кешені (1)

3. КӨРУ ОРГАНЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
1)Көру сенсорлық жүйесі
2)Көздің сәуле сындырғыш аппараттары
3)Көздің рефракциясы
5)Көру аймағы және көздің өткірлігі
3.1Көру сенсорлық жүйесі
Сыртқы ортадағы әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды түйсінуде, көру. Көздің жарық өткізгіш орталары мөлдір келеді. Олар мүйізгек қабықтан, алдыңғы камера сұйықтығынан, көз бұршағынан және шыны тәрізді денеден тұрады.
Көз алмасының артқы полюсінің маңында көру жүйкесінің кірген жері бар. Мұны соқыр дақ дейді, өйткені мұнда ешқандай жарық сезгіш элементтер жоқ. Ең артқы полюсінде сары дақ орналасқан. Ортасында орталы шұңқыр бар. Көз алмасына сыртқы көз еттері жабысады. Олардың жиырылуы көз алмасының түрлі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Организм тұңғыш тітіркенулерді жалпыланған түрде түйсінеді. Мысалы, арнайы машықтанбаған адам арқасына тигізген циркуль аяқтарының арасы 60-100мм болса арақашықтығын айыра алмайды.
3.2 Көздің сәуле сындырғыш аппараты. Бір ортадан екінші ортаға өткенде сәуле сынады-рефракция. Көздің сындырғыш аппараты өте күрделі, торлы қабығында заттардың айқын бейнесін алу үшін жасалған оптикалық жүйе. Тегістікке перпендикуляр түскен сәуле сынбайды, ал басқа сәулелер сынып барып бір нүктеге тоғысады. Параллель келген сәулелердің тоғысқан нүктесі фокус деп аталады.
Көздің негізгі сындырушы ортасы мүйізгек пен бұршақ тәрізді дене.
3.3 Көздің рефракциясы. Параллель келген сәулелер сынғанда, фокус торлы қабықта болу үшін, көздің барлық сындырғыш ортасының қосынды күші, оның ұзындығына сәйкес келуі керек.
Нормальды рефракцияда параллель сәулелердің сынуына көздің ұзындығы толық сәйкес келеді де, фокус тура торлы қабықта.
Жақыннан көру рефракциясы. Көздің іштен туа біткен алдыңғы-артқы бағыттағы ұзындығы, көлденеңінен артық болуынан болады. Көздің сындырғыш күшінің көп болуына байланысты, параллель сәулелердің сынығы торлы қабықтан ілгері түседі.
Алыстан көру рефракциясы. Көздің алдыңғы-артқы диаметрі қысқа болуына байланысты миопия және гиперметропия рефракцияларында сәуле шашыраңқы түседі.
Аккомодация және көз қарашығының рефлексі. Аккомодация деп көз бұршағының сәуле сындырғыш қасиетін торлы қабыққа объектілерді айқын түсіру үшін өзгерте алатын бейімделуді айтады. Нормальды рефракцияда бір нүктеден көзге түскен сәулелер параллель болса қабық та тоғысады.
3.4 Көру аймағы және көздің өткірлігі. Көз алмасы қимылсыз тұрған сәттерде, көрініп тұрған кеңістіктің шекарасын көру аймағы дейді. Әдетте, ақ түс үшін көру аймағы көз қарашығына түсетін сәулелерге кедергі жасайтын, көз ұясының қабырғасымен шектеледі.
Көру аймағыы ақ түске қарағанда бояулы объектілерге аз болады. Бұл жағдай торлы қабықттың шет алаңдарында құтышалардың жоқ блолуы түсдіріледі.
Көру бұрышы 1минутке тең уақытта көздің екі нүктенің жеке көру қабілеті. Мұны көздің өткірлігі дейді. Зерттеу үшін пайданылатын арнауы таблицаларда көздің өткірліогі бір цифрмен бағаланылады. Бұл көру бұрышы1минутке тең деген сөз. Көздің 0,5 өткерлігіне екі көру бұрышы сәйкес, 0,1-10 көру бұрышына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет