Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі



бет3/14
Дата03.03.2023
өлшемі2.35 Mb.
#470297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс-кешені (1)

4 КӨЗ МҮШЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
4.1 Көздің дамуының ауытқулары. Көз қабағының аурулары. Жақыннан көргіштік.
4.2 Көздің қабыну ауытқулары.Коньюнктивит
4.3 Көз мүшесінің жарақаты және ісіктері. Көздің мүйіз қабағының жарасы. Суқараңғы ( Глаукома). Көз жарақаты.
4.4 Балалардың көз мүшесін сақтау және негізгі өткізілетін шаралар. Балалардың көру қабілетін сақтау. Көзді жарақаттап алғанда не істеу керек?
4.1 Көздің дамуының ауытқулары. Көз қабағының аурулары. Жақыннан көргіштік.
Көз қабағының аурулары Көз қабағының құрылысына қысқаша тоқтала кетейiк. Жоғарғы және төменгi қабақтардың арасындағы бос аумақты көздің ашык саңылауы дейдi. Қабақтың сыртқы қабаты терi, оның асттыңғы қабаттары бұлшық еттер мен шемiршектен тұрады. Қабақтың терiсi жұқа және өте нәзiк, ол үнемi қозғалып тұратындықтан жиырмалы қатпаршақ тәрiздi болып келедi. Әр кiрпiк 3—4 айда бiр рет түсiп, қайтадан өсіп жаңарады
Блефарит. Көз қабығының кiрпiктi жиегiнiң қабынуын блефарит деп атайды. Адам өмірiнде көздiң бұл сырқаты өте жиi кездеседi. Блефарит қарапайым (жай), яғни қабыршақты және жаралы болып екi түрге бөлiнедi.
Терiскен. Адам көзiнде өте жиi кездесетiн көз ауруларының бiрi терiскен. Терiскен қабақ жиегiндегi май безiне немесе кiрпiк түбiндегi ұяшыққа iрiндеткiш микробтардың кiрiп кетуiнен пайда болады. Терiскен шыққанда қабактың бiр жерi қызарып, томпайып iсiп кетедi.
ЖАҚЫННАН КӨРГІШТІК (МИОПИЯ) Бір адамның алыстан нашар көруiнiң, ал екiншi бiреудiң жақыннан жақсы көруiнiң себебi не? Бұл туралы «Көз рефракциясы дегенімiз не?» деген тақырыпта да айтылды.
Алыстан нашар көрiп, жақынан жақсы көрудi жақыннан көргiштiк (миопия) деп атайды. Ғалымдардың көп жылдан берi жүргiзiп келген зерттеу жұмыстарының деректерi бойынша, дүние жүзінде жақыннан көргiштiк көз ақауы бар балалардың саны жыл сайын көбейiп, оның диоптриялық дәрежесi жоғарылай беретiнi анықталып отыр.
Сондайақ жақыннан көргiштiк кемiстiгi бар оқушылардың саны олар есейген сайын көбейiп, бұл кемшiлiктiң диоптриялық дәрежесi де өсе бередi. Әдетте миопия үш дәрежеге бөлінеді. Бастапқы дәрежесi - З диоптрияға (диоптрия - оптика шынысының, линзасының, сындырғыш күшi) дейiн. Орта дәрежелi - 3,0-ден 6,0 диоптрияға дейiн, жоғары дәрежелi - 6 диоптриядан жоғары.
4.2 Көздің қабыну ауытқулары Коньюнктивит
Көздiң кiлегей қабығының қабынуын коньюктивит деп атайды. Коньюнктивит кенет және созылмалы түрде өтуi мүмкiн.
Кенет басталатын коньюнктивиттi әр түрлi микробтар (Кох-Викса таяқшалары, пневмококк, стрептококк, т. 6.) тудырады. Кенет басталатын көз ауруының (коньюнктивиттiң) белгiлерi мынадай: көздiң үстi қызып, көзге құм түскендей болады, көп iрiң-жас ағып, таңертең уйқыдан түрғанда кiрпiктерi бiр-бiрiмен жабысып қалады да, адам көзін аша алмайды. Көздiң қабақтары қызарып iсiнедi, адам жарықтан жасқанып, күнге қарай алмайды. Кейде көз алмасының кiлегей қабығында әр түрлi дәрежеде қанталауда болады. Адам көз алмасын жан-жаққа бұрғанда ол қатты ауырады.
4.3 Көз мүшесінің жарақаты және ісіктері. көздің мүйіз қабығының жарасы Адам көзiнiң құрлысы өте нәзiк және сезiмтал келедi, кейде тіптi болар-болмас ұсақ қоқым-соқымның түсуiнің өзi-ақ көздi ауыр ауруға шалдықтыруы ықтимал. Мәселен, көзге түскен болмашы ғана бөгде зат сiрi қабықтың бетiн сыдырып кетсе, сылырылған жерге iрiндеткіш микробтар түсiп, бұдан кейiн мүйiз қабықта қабыну процесi пайда болады.
Катаракта Көз бұршағының қарауытуын медицинада катаракта деп атайды. Көздiң бұл ақауы күнделікті дәргерлік тәжiрибеде жиi кездесетiн хирургиялық көз сырқаттары ның бiрi. Олай дейтін себебiмiз мынау.
СУҚАРАҢҒЫ (ГЛАУКОМА) «Глаукома» грек тiлінде «көк түс» деген сөз. Өйткенi, бұл аурудан соқыр болған кезде қарашықтың көлемi ұлғайып, оның ортасы көмескi қара немесе көкшiл сары болмаса су құйылған тәрiздi болып көрiнедi. Сол себептi көздiң бұл ауруын халық арасында «көксу», «суқараңғы» деп те атайды. Суқараңғының басты белгiсi көздiң iшкi қысымының өз нормасынан жоғары (көтерiңкi) болуы. Сау көздiң iшкi қысымы сынап бағанасы бойынша 18 мм-ден 26 мм-ге дейiнгi шамада болады. Ал суқараңғы ауруы бар көзде оның iшкi қысымы 40-50-60 мм-ге дейiн көтерiледi.
4.4 Балалардың көз мүшесін сақтау және негізгі өткізілетін шаралар. Балалардың көру қабiлетiн сақтау. Балаларға жасынан үйде және мектепте түзу отыруды үйретiп, көз гигиенасы туралы үнемi ақыл-кеңес берiп отырған жөн. Сабаққа дайындалғанда көздi әлсiн-әлсiн тыныктырып, үзiлiс жасап отырудың қажет екенiн балаларға әрдайым ескертiп отырған дұрыс.
Жыл сайын оқу жылы басталғанда оқушыларды бойына сәйкес парталарға отырғызуды естен шығармау керек. Оқушыларды бойына сәйкес парталарга отырғызу – кеөдiң көру қабiлетiн сақтаумен қатар, олардың денесiнiң сұлу, сымбатты болып есуiне де септiгiн тигiзедi. Көз кемiстiгiнен күнi бұрын сақтану үшiн оқушылардың көру қабiлетiн жылына бір рет тексерiп, ал керек жағдайда оған көзiлдiрiк жазып беру қажет.
КӨЗДІ ЖАРАҚАТТАП АЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Көзi зақымданған адамға медициналық, жәрдем неғұрлым жедел көрсетiлсе, көздi аман сақтап қалу соғұрлым оңайға түседi. Көзге түскен бөгде заттарды саусақпен, қол орамалмен, қағазбен, тiлмен, т. 6. тәсiлдермен аламын деп босқа әуреленбей, дереу медицина қызметкерлерiне барғаны дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет