Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Грузияда жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері



бет9/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
дәріс кешені (2)

Грузияда жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздыр- майды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр- лігінің сайтында жазылса болғаны.
2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды.
3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады. Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы реформалау жылдары 15–40 есеге артты.
5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.
6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.
7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді. Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі [2; 3].
Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда, Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп, қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет