Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар



бет17/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
дәріс кешені (2)

Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар

  1. Нәтижеге бағдарланған басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы ретінде.

  2. Мемлекеттік жоспарлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі.

  4. Бағдарламалық-мақсаттық әдістің мәні.

6- тақырып. ҚР конституциялық құқығының негіздері

«Конституция» деген сөздің латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», « заң» деген мағыналарды білдіреді.Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат\ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді.


Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы;
Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.
Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбџрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет