Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Сыбайлас жемқорлықтың детерминациясының спецификасы



бет6/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
дәріс кешені (2)

Сыбайлас жемқорлықтың детерминациясының спецификасы
Сыбайлас жемқорлықты глобальдық ауқымдағы ретінде қарастырғанда мамандар оның негізгі себептеріне мыңаларды жатқызады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен заңастарлы актілердің оңтайлы жүйесінің жоқтығы;
- экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізудегі елеулі кемшіліктер мен өрескел қателер;
- құқық қорғау орындарының сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жұмы старының нәтижесінің мардымсыздығы (Қолданылатын шаралардың көбі сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюға емес, сыбайлас жемқорлық көрінісінің өзіне қарсы бағытталған, алайда тек қана қылмыстық қудалау шаралары сыбайлас жемқорлықтың іргесін шайкалтуға қауқарсыз);
- саяси элитаның бір бөлігінің қылмыспен "жең ұшымен жалғастығы", - халықтың құқықтық санасының дамымағандығы, ол "төмендегі" сыбайлас жемқорлыққа жаппай қарсылықтың мүлдем болмауына апарып соқтырады. ТМД елдеріндегі коррупциялық құбылыстардың, негізінен, осындай этапта барлық мемлекеттерге тән болатын себептеріне мыналар жатады: - оның 80-90-жылдарда қоғамды реформалауға беленді түрде мүмкіндік туғызған теріс фактор ретінде көптеген "бастапқы капиталдар" мен кәсіпкерлердің әлеуметтік топтарын (соның ішінде алпауыттарды (олигархтарды) да жедел қарқынмен құру үдерісін ынталандыру арқылы көрініс беруі;
- мемлекеттік қызмешілердің жұмыстары мен олардың қабылдаған шешімдеріне жасалып келген бұрынғы әлеуметтік-құқықтық бақылауды оның жаңа демократиялық формаларын таппай тұрып жою. Нарықтық механизмдердің өз-өзінен жаппай реттелетіндігіне деген үміт алдамшы боп шықты. Нарықтық экономика әлеуметтік-кқұқықтық бақылаудың жойылуын ойластырмауға тиіс, керісінше ол құқықтық айқын насқамалар бойынша дамуы керек;
- сыбайлас жемқорлықтың кадрлық базасы ретінде шенеуніктердің сандық тұрғыдан қауырт өсуі;
- өте қуатты, сан тармаққа бөлінген көлеңкелі экономиканың күралуы және елеулі бөлігі сыбайлас жемқорларды қаржыландырудың көзін құрай- тын мол заңсыз кірістер алу;
- халықтың сыбайлас жемқорлыққа көнбістігі, әсіресе оның ең төменгі деңгейінде;
- қоғамның түрлі жіктерінің кірістері арасындағы елеулі алшақтық;
- биліктік және коммерциялық құрылымдар арасындағы кең және еркін кадр алмасушылық;
- бюракратиялық аппараттың басқа демократиялық мемлекеттермен салыстырғанда функциональдық мүмкіншіліктердің тым үлкен көлеміне шектен тыс монополиясы. Сыбайлас жемқорлықтың өсуін айқындайтын неғұрлым манызды факторлардың катарынан мемлекеттік орындардың экономика саласына орын- сыз араласуын ерекше бөліп көрсету керек. Экономиканы жөнсіз мемлекеттік реттеушілік бақылаудағы шенеуніктер үшін салаларды көбейту арқылы сыбайлас жемқорлықты дамытуға қажетті мүмкіндіктерді кеңейтіп береді: жеңілдіктер, кредиттер, лицензиялар беру; жекешелендіруге мүмкіншіліктер, банктен өкілеттілік алу құқығын, ірі әлеуметтік жобаларды және т. б. іске асыру құқығын беру - ресурстарды шенеуніктік бақылаудың ескі қағидаттары жүмыстың көптеген жаңа салаларын заңнамалық реттеудің жоқтығымен үйлесе кетеді. Және мемлекет рұқсат беру функцияларын іске асырған кезде төмендегідей жағдайлар сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік жасап береді:
- мемлекеттік қызметтердің рұқсат етушілік қағидаттарамен байланыс- ты ауқымды салаларын сақтау;
- азаматтардың өз құқықтарын және өздеріне қызмет көрсетудегі шенеуніктердің міндеттерін білмеуі
- шенеуніктердің өздерінің міндеттері және азаматтардың құқықтары туралы ақпараттарды жасырын ұстауы;
- бюракратиялық процедуралардың қиындатылуы;
- билік орындарының бір ведомствоға биліктік шешімдер қабылдауға да, қызмет көрсетуге де өкілеттілік беретін құрылымдық ерекшеліктері.
Билік өзінің шектеушілік және реттеушілік функцияларын орындай отырып міндетті төлемдер қабылдаған және қолданыстағы жосындарды (нормаларды) бұзғандық үшін айыппұл салған кезде төмендегідей жағдайлар сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік жасайды:
- азаматтың өз міндеттерін іске асыруының қолайлы процедурасының жоқтығы;
- айыппұлдар шкаласының оны төлеуден пара беру арқылы жалтаруға мүмкіндік беретін теңсіздігі.
Сыбайлас жемқорлық тікелей үш бағытқа - қылмыстық қудалауды- лықтан қорғану сезімін қамтамасыз етуге, нормативтік ережелерді бұзғаны үшін жергілікті билік орындарының құрығынан жалтаруға, рұқсат ететін құжаттар алуға келіп тірелетін батыс елдерімен салыстырғанда, ТМД елдерінде сыбайлас жемқорлықтың ең алдымен рұқсат етілген қызметтердің тиісті дәрежеде орындалуы мен әлеуметтік тұрғыдан құпталатын мақсаттарға қол жеткізудің құралы болуфактісі - ең қауіптісі. Мәселені зерттеушілер ТМД елдері экономикасында мемлекеттік қатысудың сыбайлас жемқорлықпен шырмалған салалары ретінде мыналарды атайды:
- мемлекеттік меншіктің жекешеленуі. 1994-тен 1997 жылға дейін анықталған әр оныншы қылмыс Жекешелендіру саласында жасалған, ең кең таралғандары ақшалай қаражат пен Пара алу боп шықты;
- салық салу. Салық жүйесінің күрделілігі мен қатардағы және тиісті заңнамалық актілердің орындалуын толық бақылауа алудың мүмкіндігінің болмауы көлеңкелі бизнестің дамуына алып кезді. Тиісті мемлекеттік орындардағы қылмыстық Әрекеттер, Парақорлықпен қатар, қызметтік жалған құжат арқылы қылмыстық элементтермен Заңға қайшы байланы- старға түсуте кеп тіреледі;
- бюджеттік қаражатты бөлу. Мемлекеттік кредиттер берудің немесе бюджеттік қаражатты бөлудің парақорлықпен астасуы жиі кездесті;
- кедендік сала. Қылмыстық әрекеттер іс жүзінде контрабандаға көмек- тесумен, соның ішінде фирмалардың - кедендік брокерлердің жұмыстарын қамтамасыз етумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет