Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер: Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы 
бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 
8 Тақырып Сақтандыру шарты 
Түйінді сөздер: шарт, міндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, 
сақтандыру оқиғасы, сақтанушы, сақтанушы, сақтандырылған адам т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы сақтандыру шартының түрлері мен 
ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы сақтандыру шартының негізгі ережелерін 
саралау, шартындағы жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Сақтандыру бойынша міндеттемелердің түсінігі, құқықтық реттелуі. Сақтандыру 
бойынша міндеттемелердің мазмұны, түрлік сипаттамасы. 
Сақтандыру қатынастарындағы негізгі түсініктері. Сақтандыру шартының түсінігі, 
мазмұны және түрлері. 
. Сақтандыру шарттарын тиісінше орындамаған кездегі тараптардың Сақтандыру 
шартының жалпы сипаттамасы. шінші жақтың пайдасына жасалатын сақтандыру шарты. 
Сақтандыру міндеттемелерінің орындалуы жауапкершілігі. Сақтандыру шартының 
тоқтатылу негіздері. Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану, құқықтық салдары
Тезис: 
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру шарт жасасу арқылы жүзеге 
асады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқықтық қатынасының пайда болу негізі болып 
табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар 
мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісімі танылады. 


Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге 
міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді. 
Сақтандыру шарты қайтарымды шарт болып есептеледі. Мысалға сақтандыру 
шартының қайтарымсыз түріне сыйға тарту шарты жатады. Сақтандыру шарты негізін ақша 
құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай 
нысанда ақшалай нысанда төленеді. 
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс: сақтандырушының атауы, орналасқан 
жері және банктік реквизиттерi; сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң 
аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, 
орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi; сақтандыру объектiсiн көрсету; сақтандыру 
жағдайын көрсету; сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын 
қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi; сақтандыру 
сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi; шарттың жасалу күнi 
және қолданылу мерзiмi; егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, 
сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету. 
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Кез келген 
шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, 
заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай 
ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі 
ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру 
шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді. Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар: 1) 
сақтандыру объектісі; 2) сақтандыру жағдайы; 3) сақтандыру сомасы; 4) сақтандыру төлемі; 
5) сақтандыру сыйақысы; 6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуі тиіс. 
Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы мен сақтандырушының 
арасында: сақтандырылған адам жөнінде; 2) сақтандыру жағдайы жөнінде; 3) сақтандыру 
сомасы мен сақтандыру сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық 
сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек. 
Келіссөздер нәтижесінде тараптар шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша 
келісімге келуі тиіс. Бұл жерде елеулі жағдайлар болып: оқиғаның яғни оның туындауына 
байланысты сақтандыру төлемін төлеуге міндетті; сақтандыру шартының әрекет ету 
аймағы; сақтандыру объектісі жөнінде; сақтандыру төлемін төлеу тәртібі мен мерзімі; 
сақтандыру шартының жасалу мерзімі; сақтандырушының міндеттеме жөніндегі 
жауаптылық кезеңі; сақтандыру сыйақысының мөлшері мен тәртібі; шарттың мазмұнына 
өзгертулер
енгізу
тәртібі,
тараптардың 
шартта 
көрсетілген 
міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда құқықтық салдар. 
Сақтандыру шартының объектілері мен субъектілері. Сақтандыру шартында 
объектілер мен субъектілер маңызды орын алады. Сақтандыру қатынасының субъектісі 
болып сақтандырушы және сақтанушы танылады. Сақтанушы – қандай да бір мүддесін 
сақтандырғаны үшін сақтанушыға сақтандырушы көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс 
беруші болып табылады. Сақтанушы барлық жағдайда сақтандыру құқық қатынасының 
субъектісі болып табылады. Егерде сақтандыру келісім шарт түрінде жасалса, онда 
сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі. Сақтандыру міндеттемесі 
екі жақты міндеттеме болғандықтан сақтанушы сақтандыру төлемін төлеу кезінде 
борышкер болып есептеледі де, ал сақтандыру төлемі кезінде кредитор болып есептеледі. 
Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерікті 
де, міндетті де нысандары бойынша сақтандырушы ұйымды таңдап алуға ерікті. 
Тағы бір сақтандыру қатынасының қатысушысы болып танылады. Пайда алушы бұл 
сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес 
сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. 


Пайда алушы ретінде заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Пайда алушы жеке 
де, мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі 
бойынша пайда алушы сақтандыруды реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі 
бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде 
немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы 
болып табылады. Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы 
сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі 
бойынша тағайындалады. Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол 
сақтандырылған адам деп ұйғарылады, сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда 
алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса
соңғысынан құқығы сақтанушыға ауысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда 
алушы ретінде өзінің жұбайын, баласын, басқа да жақын туысқандарын тағайындайды. 
Мүліктік сақтандыру кезінде пайда алушы мүліктік арендаға берген кезде пайда алушы 
болып арендатордың өзі есептеледі.көлікті сақтандыру кезінде сыртқы сауда жүйесінде 
сатушы пайда алушы есебінде сатып алушыны есептейді және сақтандыру полисі жазылған 
адамды сатушы пайда табушы деп есептейді. 
Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға 
сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап қоюға құқылы. 
Сақтандыру қатынасының арнайы қатысушыларының қатарына сақтандыру агенті 
де жатады. Сақтандыру агенті – сақтандырушының нұсқауы бойынша сақтандырушының 
атынан сақтандыру шартына қатысатын тұлға. Сонымен, сақтандыру агенті 
сақтандырушының тікелей өкілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық 
Кодексіне сәйкес басқа адамның (өкіл берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, 
заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілік күшімен жасаған 
мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады
өзгертеді және тоқтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет