Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер: Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы 
бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 
2 Тақырып: Мүлікті жалдау шарты. Мүлікті жалдау шартының түрлік 
сипаттамасы 
Түйінді сөздер: шарт, міндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, 
ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы жалдау шартының түрлері мен 
ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы жалдау шартының негізгі ережелерін 
саралау, жалдау шартындағы жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Мүлік жалдау шартының түсінігі, мазмұны. Мүлік жалдау шарты бойынша 
тараптардың құқтары мен міндеттері. 
Қосымша жалға беру. Мүлікті жалдау шартын орындау. Жалға алушылардың 
мүлікке жасаған жақсартуларының құқықтық салдары. 
Мүлік жалдау шартының түрлік сипаттамасы.Тұрмыстық прокатты құқықтық 
реттеудің ерекшеліктері. 
Үйлер мен ғимараттарды жалдау. 
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жалдаудың құқықтық ерекшеліктері. 
Лизингтік қатынастардың құқықтық табиғаты. 
Транспрт құралдарын жалдаудың құқықтық реттелуі. Транспорт құралдарын 
жалдаудың түрлік сипаттамасы. 
Тезис: Мүлікті жалдау қатынастары Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 
29-таруында реттелген. Аталған тараудың бірінші параграфында мүлік жалдау шартының 
жалпы ережелері қамтылған. Мүлікті жалдау қатынастарын реттеу азаматтық кодекспен 
шектелмейді, ол басқа да нормативтік актілермен реттелуі мүмкін. Азаматтық кодекстің 
диспозитивті сипаты мүлікті жалдау шартына да қатысты қолданылады, сондықтан осы 
шарттардың қатысушыларында негізгі нормаларды өзгерту және оларды өздерінің 
қажеттіліктерін қанағатандыруға ыңғайландыруға мүмкіндік береді. 
Көлiк құралдарын жалдау шартының заңдық құралғысы – шартқа қатысушылар 
арасындағы байланыстың қызмет етуін қамсыздандыратын құқықтық сипаттағы заңмен 
қарастырылған өзара байланысты компоненттер жүйесі. Бұл компоненттерге тараптардың 
келісімі мен оған қол жеткізу тәртібі, шарт мазмұнының құрылымы (қарыз беруші мен 
тұлғаның құқықтары мен міндеттері), шарттың орындалу тәсілі, шарттық міндеттемелерді 
орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілік шарттары мен 
көлемі жатады. Шарт қатысушылардың азаматтық айналымындағы белсендіктің мінсіз 


нысаны болып қызмет жасайды. Қоғам тарихындағы оның әлеуметтік-экономикалық 
өзгеруіне қарамастан шарт құрылғысы заң техникасының туындысы ретінде өз негізінде 
өте тұрақты болып қалып отырғанын атап өтудің маңызы зор. 
Уақыт келе мүлiктi жалдау шарттары арқылы қоғамдық қатынастар жүйесінің 
дамуымен бірге жеке тұлғалармен қатар азаматтық құқықтың жеке субъектілері деп 
танылған – заңды тұлғалар әлеуетті қатысушылардың құрамы кеңейе түсті. Әсіресе 
шарттық құқықтарды құруда қолданылатын элемент комбинацияларын күрделендіретін 
заңнамада қарастырылған шарт үлгілері көп қилы болып кетті. 
Белгілі бір өзгерістер бар шарт туралы көп мағыналы ұғым тәжірибелі түрде ҚР АК- 
де және басқа елдердің азаматтық кодекстерiнде іске асырылды. 
Көлiк құралдарын жалдау шарты-азаматтық-құқықтық шарттардың бiрi болғандықтан 
жалпы шарт институтымен реттеледi. Бұрынғы кеңестік және кеңес аумағындағы заңи 
әдебиеттерінде орын тапқан шарт туралы көп мағыналы ұғым бірқатар авторлардың 
жұмыстарында тізбектеліп келтірілген. Ол әсіресе О.С.Иоффе зерттеулерінде нақты 
берілген. Екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқық қатынасының туындауы, 
өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін шарт деп мойындай отырып, Иоффе: «Кей 
кезде осы келісімнен туындайтын міндеттеменің өзін шарт деп түсінеміз, ал кейбір 
жағдайларда бұл терминмен барлық қатысушылардың еркі бойынша туындайтын актіні 
тіркейтін құжатты атаймыз» - деген. 
Көзқарастар әдебиетінде айтылған мынадай мысалды келтіруге болады: «шарт заңды 
факті ретінде құқықтық қатынастар немесе шарттық құқықтық қатынастар ретінде шарттың 
пайда болуына негіз болады. Шарт заңды факті және құқықтық қатынастар ретінде – ол 
өзінше жекеше тұрғы, оның даму жолының сан қилы жақтары». 
Дәл осы тұрғыдан Н.Е.Егоров та: «шарт деп міндеттеменің негізіндегі заңды фактіні, 
шарттық міндеттеменің өзі және міндеттемелік құқықтық қатынастарды орнату фактісі 
бекітілген құжатты атайды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет