Заңи және нақты қызмет көрсету кезінде пайда
болатын азаматтық-құқықтық
қатынастар.
Тапсырма шартының түсінігі және мазмұны.Тапсырма шартының тараптары, оның
нысаны. Коммерциялық өкілдіктің құқықтық нысаны.Тапсырма шартының басқа ұқсас
шарттардан айырмашылығы.
Комиссия шарты, түсінігі, маңызы.Комиссия шартының мазмұны және орындалуы.
Комиссия шартының түрлері.
Тезис:
Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент)
тапсыру бойынша сыйақы үшін комитет есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле
жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865-бап, 1-т).
Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға
жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен ұқсастығы байқалады.
Сонымен бірге
комиссия шарты тар аяда әрекет етеді, ол комиссионермен комитенттің арнайы барлық заңи
маңызы бар іс-әрекеттерді емес, ал тек мәмілелерді ғана жасауды реттеуге арналған.
Осы айтылған сөз комиссиялық сауда немесе өзге де комиссиялық қатынастар қазіргі
жағдайларда өз маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Комиссиялық қатынастар енді жаңа
шектерде анықталды. Мысалы, еркін қоғамға өтуімізге орай шығармашылық кәсіп
(суретшілер, халықтық кәсіп мамандары, мүсіншілер және т.б.)
адамдары белсенділік
таныта түсті. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық
кәсіп заттарын сататын
дүкендер пайда болды. Мұнда комиссия қатынастары толық қанды қолданылуға ие болады.
Бұл сирек кездесетін заттарды, кітаптарды ювелирлік бұйымдарды сатумен айналысатын
дүкендерге де қатысты. Кейбір жағдайларда, олар аталған заттарды сатып алып, содан кейін
оларды қайта сатады, ал кейбір олар меншік иелері мен комиссия шартын бекітеді.
Бұл орайда меншік (өнер туындысының) иесі сатылатын заттың мамынымен
бағаланатындығына сенімді болады. Әрине, меншік иесі затты бағалауға ғана жүгініп, оны
өз бетінше сату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ бұл ол үшін жоғары қауіпті тәуекел
мен байланысты болуы мүмкін.
Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты
сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкер коммиссионер комиссияға тапсырылған мүлікті сақтандыруға міндеттенуі мүмкін.
Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың
– мұнай, газ, көмір және т.б.
айналымы кезінде қолданыла алады. Олар біздің кәсіпкер азаматтар сатып алушылардың
"тапсырысы бойынша" автокөлік сатып алу үшін шетелге жүретін
кезде де осы шартты
жасаса алады. Осы жағдайларда азаматтардың, кәсіпкерлердің қызмет көрсетуіне
жүгінулерінің себебі болып шетелдік мемлекеттің
нарықтық конъюктурасын білмеу,
автокөлікті талдап алу үшін қажетті арнайы білімдерді білмеу, уақыт жетіспеушілігі және т.б.
факторлар табылады. Комиссия қатынастары аралас шарттар аясында да орын алуы мүмкін.
Мәселен, тапсырыс беруші өзінің кәсіптенген маман екеніне сүйене отырып онымен оның
өз атынан бірақ тапсырыс берушінің есебінен құрылыс материалдарын сатып алатындығы
туралы келісе алады.
Достарыңызбен бөлісу: