Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер: Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 


11 Тақырып Сенімгерлікпен басқару шарты 
Түйінді сөздер: шарт, міндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, 
сенімгер басқарушы, сенім білдіруші, өкіл т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы сенімгерлікпен басқару шартының 
түрлері мен ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы сенімгерлікпен басқару 
шартының негізгі ережелерін саралау, шартындағы жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін 
түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі және мазмұны. Сенімгерлікпен басқару 
шартының тараптары, оның нысаны. Сенімгерлікпен басқару шартының нысаны. 
Сенімгерлікпен басқару шартының басқа ұқсас шарттардан айырмашылығы. 
Сенімгерлікпен басқару шартының маңызы. Сенімгерлікпен басқару шартының орындалуы. 
Сенімгерлікпен басқару шартының түрлері. 
Тезис: 
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару 
құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға 
береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін 
осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. 
Шарттардың жекелеген түрлері үшін заң актілерінде өзге де елеулі талаптар көзделуі 
мүмкін. Шартта басқа талаптар да, оның ішінде басқарушыға берілетін сыйақының мөлшері 
мен нысандары көзделуі мүмкін. 
Шартта үшінші тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлікке құқығы 
көрсетілуге тиіс. 
Егер заң актілерінен немесе пайда болған қатынастар мәнінен өзгеше туындамаса, 
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты туралы нормалар мүлікті сенімгерлікпен басқаруды 
белгілеудің өзге де негіздері бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады. 
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады. Қозғалмайтын 
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт 
үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады. 
Шарт нысанын сақгамау немесе қозғалмайтын мүлікке арналған шарттың 
тіркелімінің болмауы оныңжарамсыздығына әкеп соғады. 
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару 
құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға 
береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін 
осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. 
Шарт, әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып 
табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген талап тілекке сүйене отырып 
құрыла алады және іс жүзінде меншік иесінің немесе өзге құқық иесі құқықтарының барлық 
көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол аралас шарттық институттар - тапсырма 
шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару 
меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруды әрқашан да көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, 
мүлікті қамқоршыға 


беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүлікті сақтау 
міндеті жүктеледі. 
Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті 
сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып 
табылады. 
Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге 
мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды иеленушінің атынан 
шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай-ақ, сенімгер басқарушы өз атынан 
іс-әрекет ететін шартты бекітуге болады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен 
басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен 
басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген заттық 
құқықтардың пайда болуы туралы айтуға болмайды. 
Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым қатынастарына қарай 
сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін. Сыйақы мөлшері бұл 
орайда шарттын өзімен анықталуға тиіс. Өйткені мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру 
жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке 
жағдайда әртүрлі болады. Алайда егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен 
анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене 
отырып анықталатын болады. 
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені 
онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері 
көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты әдеттегідей бір 
жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі. Ал құқықтар 
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына тиесілі болады. 
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүлікті 
сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы қатысады. 
Сенімгерлікпен басқару шартының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып, ол үшін 
шарт еркіндігіне қатысты кейбір шектеулер көзделгені табылады. Заңнамада көзделеген 
жағдайларда сол бір немесе өзге субъект сенімгерлікпен басқаруды құруға тиіс. Соның 
ішінде мемлекеттік қызметші өз мүлкін беруге міндетті. Бұл орайда сенімгерлікпен 
басқаруға беруге міндеттеу кез келген мүлікке емес, кәсіпкерлік маңызы бар мүлікке 
таралады. Бұл акциялар үлестер, коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына қатысу 
сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығы негізінде тиесілі өзгеде мүлік 
сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі міндет ақшаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметке 
тұрғанға дейін жалға берілген өзге де мүлікке таралмайды. 
Сенімгер басқарушы жоғарыда айтылғандай мүлікті сенімгерлікпен басқару 
шартын бекітуге мәжбүрлене алмайды. 


Сенімгерлікпен басқару шарты үшінші тулғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы 
мүмкін. Бұл туралы шарттың өзінде көрсетілуге тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты 
жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының талап етілетін 
жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып 
келмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет