Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер


Банктік қызмет көрсету шарты — азаматтық және банктік заңнаманың



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Банктік қызмет көрсету шарты — азаматтық және банктік заңнаманың
новелласы болып табылады, өйткені, Қазақ КСР АК-інде банктік іс бойынша мәселелерге 
бес-ақ бап бөлінген болатын, бұл орайда банктік іс косалқы заң актілері деңгейіңде — КСРО 
Мемлекеттік банкі нұсқамаларымен бүге-шегесіне дейін өте мұқият реттеліп отырды. Жаңа 
Азаматтық кодекс банк қызметіне әлдеқайда көп көңіл бөледі және оның ережелері 
принциптік сипат алады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 739-бабында екі тарап (банк және 
клиент) банктік қызмет көрсетуге шарт жасасуға құқылы екендігі қарастырылады, ол 
бойынша банк клиенттің тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер 
шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Бұл орайда 
заң шығарушы банктік қызмет көрсету шартын: банктік шот шарты, ақша аудару шарты, 
банк салымы шарты, сондай-ақ заңнамада немесе тараптардын келісіміндс көзделген өзге 
де шарт түрлері бойынша деп бөледі.
Банктер клиенттерге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады, яғни клиенттерге 
банктік қызмет көрсетудің барлық кешенін ұсынады, ол экономикалық қажеттіліктен 
туындайтын талаптарды қанағанаттандыра отырып, үздіксіз жаңарумен болады.
Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша айналысын 
ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға 
байланысты күрделі салымдарды


қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру
бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық 
операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді 
нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. 
Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өге де қаржылық 
инструменттер жатады.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы 
заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде 
өкілеттігі белгіленген заңды тұлға – банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты 
субъектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет