Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер: Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 


1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы 
бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 
4 Тақырып: Тасымалдау шарты 
Түйінді сөздер: шарт, міндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, 
тасмалдаушы, көлік, жолаушы т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы тасмалдау шартының түрлері мен 
ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы тасмалдау шартының негізгі ережелерін 
саралау, шартындағы жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша көлік түрлері. Тасымал, көлік 
ұйымы, шаруашылық айналымдағы құқықтық жағдайы. Тасымал түрлері, оларды 
құқықтық реттеу. 
Тасымал шартының түсінігі, жүйесі, түрлік сипаттамасы. Тасымал шартының 
түсінігі, жасалуы және рәсімделуі. Тасымал шартының орындалуы. Жүкті тасымалдау 
шартының ерекшеліктері. Жолаушыларды тасымалдау шартының ерекше белгілері. 
Тасымалдау шарты бойынша наразылық беру және талап қою ерекшеліктері. Көлік 
экспедициясы шартының түсінігі, ерекше белгілері. 
Тезис
Жүкті тасымалдау шарты көліктік шарттар жүйесінде басым орынды алады, яғни 
негізгі шарт болып табылады. Себебі дәл осы шарт материалдық құндылықтарды 
тасымалдаумен байланысты негізгі міндеттерді атқарады. Соған қарамастан, ҚР АК-де 
жүктерді тасымалдаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу міндеттемелік 
шарттардың басқа түрлерін реттеумен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді. 
Тасымалдау сияқты күрделі міндеттемені реттейтін ережелерге заң шығарушы жиырма 
шақты ғана баптарды арнаған (мәселен, салыстыру үшін ҚР АК-нің 25-тарауы сатып алу 
шартында жүздей бап бар). Жүк жөнелтуші, тасымалдаушы мен жүк алушының арасындағы 
қарым-қатынас негізінен ҚР АК-нің 34-тарауымен, арнайы көліктік заңдармен, тасымалдау 
ережелерімен реттеледі.
Тасымалдау шартының нақтылық сипаты ҚР АК-нің 689-бабында қарастырылған 
анықтамадан белгілі болғандай, тасымалдаушы жүк жөнелтушінің «сеніп тапсырған» жүгін 
тасуға міндеттенеді. Сондықтан тасымалдаушының міндеттемесі жүк жөнелтушіден жүкті 
алған сәттен бастап туындайды. ҚР АК-нің 688-бабының 2-бөліміне сәйкес, тасымалдаудың 
жалпы талаптары көлік туралы заң актілерімен белгіленеді. Көліктер туралы заңнамаларға 
жүргізілген талдаулар, жүк тасымалдау шартының анықтамалары ҚР АК-нің 689-бабында 
белгіленген анықтамаға толығымен сәйкес келетінін байқатады. Әсіресе жүк тасымалдау 
шартының нақты сипаты теміржол көлігімен жүк тасымалдау шартын реттейтін көліктік 
заңнамада тікелей нұсқалады: «Жүк жөнелтушіге темір жол көлігі жүк құжатының негізінде 
жүк қабылданғаны туралы квитанция берілген кезден бастап жүк тасымалдау шарты 
жасалды деп есептеледі» («Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңының 36- бабының 3- бөлімі).
Сонымен, азаматтық құқық ғылымындағы жүкті тасымалдау шартының ұғымы мен 
құқықтық табиғаты туралы теориялық мәселелерді зерттеп, азаматтық және көліктік 
заңнамалардың ережелеріне талдау жүргізе келе, төмендегідей қорытындыларға келеміз:
1. Заң әдебиетінде жүктерді тасымалдау шартының екі түрлі табиғаты туралы пікірлерді 
зерделей отырып, біз жүктерді тасымалдау шарты нақты шарт деген қорытындыға келеміз. 
Себебі бұл шартты әрі нақты, әрі консенсуалды деп қарастыратын болсақ, онда тасымалдау


шарттарына оған ұқсас емес міндеттемелерді, атап айтқанда, ұйымдастырушы шарттарды 
жатқызуға болар еді.
2.Жүктерді тасымалдау шарты үшінші жақтың, яғни жүк қабылдаушының, пайдасына 
орындалатын шарттардың қатарына жатқызылады. Өйткені, ҚР АК-нің 689-бабына сәйкес, 
жүкті тасымалдау шарты екі тарап — жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасында 
жасалады, сондай- ақ шарт бойынша тасымалдаушы «жүкті алуға уәкілетті адамға 
(алушыға) оны беруге міндеттенеді».
3.Жүктерді тасымалдау шарты өтеулі қызмет көрсету туралы шарттардың бір түрі болып 
табылады. Аталмыш шарттың пәні ретінде жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдап 
жеткізу бойынша клиентке қызмет көрсету болады.
4.Жүкті тасымалдау шартын қосылу шарттарына жатқызу ұсынылады. Себебі жүкті 
тасымалдау шарты тасымалдаушының шарттың нысаны болып табылатын стандартты 
құжатты (көлік құралының түріне қарай коносамент, жүк құжат, тауар-көлік құжатын) 
толтырып, жүк жөнелтушіге табыстауы жолымен жасалуы, бұл шарттың жағдайларына 
клиенттің қосылуын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет