6. Қорытынды сұрақтары:
Келесі терминдерге анықтама беру:
дезинфекция және дезинфекциялық құрал;
антисептика және антисептикалық құрал.
Антисептиктермен дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар.
3. «антибиотик» терминіне анықтама.
«таңдамалы антибиотик», «резервтегі антибиотик» түсініктемелердің анықтамасы.
Инфекцияның әсерінен пайда болатын ауруларды атау.
Кредит № 2
Дәріс №5
1. Тақырыбы: Бронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді бронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың принциптері таныстыру
3. Дәріс тезистері.
Тыныс алу мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілерге бірнеше дәрілік топтар жатады:
Тыныс алу қуаттандырғыштары
Жөтелге қарсы дәрілер
Қахырық түсіретін дәрілер
Бронх демікпесінде қолданатын дәрілер
Өкпе ісінуінде қолданатын дәрілер
Тыныс алуды қуаттандыратын дәрілер
Тыныс алуды қуатандыратын дәрілер негізгі әсер ету бағыты бойынша келесі топтарға бөлінеді:
Тыныс алу орталығын тікелей активтендіретін дәрілер – бемегрид, этимизол, кофеин.
Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер (Н – холиномиметиктер) – цититон, лобелин гидрохлориді.
Аралас әсерлі дәрілер – көмір қышқылы, кордиамин.
Жөтелге қарсы дәрілер
Бұл топтағы препараттар құрғақ, ауырсыну сезімін пайда ететін, азапты жөтелде қолданылады. Әсер ету механизміне байланысты препараттарды екі топқа бөлеміз: 1) орталық әсерлі дәрілер 2) шеткерлік әсерлі дәрілер. Орталық әсері бар дәрілердің әсер ету механизмі. Сопақша мидағы жөтел рефлексінің орталық бөлімдеріне тежеуші әсер көрсетеді. Бұл топ екі топшаға бөлінеді: 1) наркотикалық әсері бар жөтелге қарсы дәрілер – кодеин және оның препараттары (жөтелге қарсы таблеткалар, пенталгин, кодтерпин), этилморфин гидрохлориді 2) бейнаркотикалық жөтелге қарсы таблеткалар – окселадин цитраты (тусупрекс, пакселадин), бутамират (стоптуссин), глауцин гидрохлориді (глаувент).
Қақырық түсіретін дәрілер
Қақырықты түсіретін дәрілер бронхтың шырышты секрециясын және сұйылтуын жоғарылатып, оның жөтел кезінде шығуын жеңілдетеді. Қолдану көрсеткіштері: көбінесе қабыну процестерімен жүретін бронх-өкпе ауруында, бронх демікпесенде.
Қақырық түсіретін дәрілерді бірнеше топқа бөлуімізге болады: 1) рефлекторлы әсер ететін препараттарға ақмия препараттарын (тұнба, экстракт), жалбыз тікен, жалаң ми препараттарын жатқызамыз. Осы өсімдіктердегі алкалоидтарды ішке енгізгенде асқазан рецепторлерінің тітіркенуін пайда етіп, бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде жоғарылатады, сонымен бірге жыпылықтаушы эпителий активтілігі жоғарылап, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көп, сұйық болып жөтелмен шығарылуы жеңілденеді. Үлкен дозада бұл препараттар рефлекторлы түрде құсуды пайда ету мүмкін. Бірақ олар бұл мақсатпен қолданбайды. Ішке 30 минут тамақ алдында белгіленеді. 2) тікелей әсер ететін препараттарға ккалий иодидін, натрий иодидін, натрий гидрокарбонатын, солутан, бронхосан препараттарын, эфир майларын жатқызамыз. Әсер ету механизмі. Тікелей бронхтың кілегейлі қабығының бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын жоғарылатады. Бұл препараттарды ішке және ингаляциялық жолдармен енгізеді. 3) Муколитиктер. Олар екі топшаға бөлінеді: А) қахырықты сұйылтатын дәрілер. Оларға муколитикалық ферменттер: ацетилцистеин, трисин, химотрипсин, карбоцистеин жатады. Әсер ету механизмі. Қақырықтың белоктарын және басқа молекулаларын ыдыратып, оның сұйылтуына әкеледі. Бұл дәрілерді ингаляциялық жолмен енгізеді. Б) Сурфактанттың пайда болуына әсер ететін дәрілер. Оларға: бромгексин (солвин), амброксол (амбробене, лазолван) жатады. Бұл препараттар бронх бездерінде синтезделінетін сурфактанттардың секрециясын жоғарылатып, қахырықтың бронхтармен жылжуын жақсартады. Көбінесе ішке таблетка және драже түрінде енгізеді.
Бронх демікпесінде қолданатын дәрілер
Брох демікпесін алдын-алу үшін және бронхоспазмды жою үшін қолданатын дәрілер топтарының бірі бронхтарды кеңейтін (бронхолитикалық) дәрілер болып табылады. Бронхолитикалық дәрілер ретінде келесі топтар қолданады:
Адреномиметиктер мен симпатомиметиктер
А. ,β – адреномиметиктер – адреналин гидрохлориді
Б. Симпатомиметиктер – эфедрин гидрохлориді, солутан, теофедрин
В. Β – адреномиметиктер
а) β – адреномиметиктер
β1β2 – адреномиметиктер – орципреналин сульфаты, изопреналин гидрохлориді (изадрин)
β2 – адреномиметиктер – сальбутамол, фенотерол, тербуталин, гексопреналин сульфаты, сальметерол, формотерол
М – холиноблокаторлар
А. Таңдамалы әсер көрсететін – ипратропиум бромиді
Б. Таңдамалы емес әсер көрсететін – атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты
3. Миотропты әсерлі спазмолитиктер – теофиллин, теопек, эуфиллин(амнофиллин), теофедрин
Өкпе ісінуінде қолданатын дәрілер
Өкпе ісінуі жүрек-тамыр жүйесінің ауруларында, химиялық заттармен өкпенің зақымдануында, бірқатар инфекциялық ауруларда, бүйрек, бауыр патологияларында, ми ісінуінде дамуы мүмкін.
Өкпе ісінуінің негізгі патогенетикалық терапиясы
Артериялық қысым жоғары жағдайында өкпе ісінуін төмендеті үшін артериялық қысымын түсіру негізгі мақсат болып табылады. Осы мақсатпен ганглиоблокаторлар (пентамин, бензогексоний, гигроний), миотропты әсерлі тамыркеңейткіш дәрілер (натрий нитропруссиді, нитроглицерин), α – адреноблокаторлар (фенотоламин) қолданады.
Қысым қалыпты болғанда өкпе ісінуін азайту үшін дегидратациялық (маннит) және несеп айдайтын (фуросемид, этакрин қышқылы) қолданады.
Альвеоланың ісінуінде оның қуысында пайда болатын көбік – гипоксияны пайда етеді. Бұл жағдайда көбікті басатын дәрілер қолданады. Этил спирті ингаляциялық жолмен енгізілгенде ол көпіршіктерді сұйықтыққа айналдырады. Кемшілігі - тыныс алу жолдарына тітіркендіргіш әсер көрсету мүмкін.
Өкпе ісінуін емдеуде қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсерлері бар глюкокортикоидтар (преднизолон гемисукцинаты) қолданылады.
Өкпе ісінуінің барлық жағдайларында оксигенотерапия емдеу әдісі қолданылады (оттегімен).
Өкпе ісінуінде кейбір жағдайларда, мысалы жүректің жетіспеушілігінде жүрек гликозидтері (коргликон, строфантин К) қолданылуы мүмкін.
Жедел өкпе ісінуінде наркотикалық анальгетиктер де (морфин, фентанил) қолданылуы мүмкін. Олар шеткерлік артериялармен веналардың кеңеюін пайда етіп, қан айналымның кіші шеңберіндегі қысымның төмендеуіне әкеледі.
Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі: антацидтер абсорбцияның шамасына әсер етпей, теофиллининнің сіңірілу жылдамдығын азайтады. Бұл слофиллин және теодур дәрілеріне жатпайды. Теофиллин дәрілерін бета2 – адреномиметиктермен бірге бергенде олардың бронходилатациялық әсерлерінің синергизмі байқалады. М-холиноблокаторларды бета2 – адреномиметиктермен және ксантиндермен бірге бір уақытта бергенде олардың бронхолитикалық әсерлері потенцирленеді. Кетотифен ұйықтататын, седативті, антигистаминді дәрілердің және этанолдың әсерлерін күшейту мүмкін, диабетке қарсы дәрілермен қиыстырғанда тромбоцитопения қаупі жоғарылайды. Кромогликат натрий бромгексин және амброксолмен сыйымсыз (ингаляция түрінде). Ұзақ әсерлі бета2 – адреномиметиктер (салметерол, формотерол) және ингаляциялық глюкокортикоидтар комплементарлы әсерге және синергизмге ие.
Бронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |