6. Қорытынды сұрақтары:
Тынысты реттеуге қатысатын орталықтар
Н-холинорецепторлердің орналасуы
Бронхта орналасатын рецепторлер
Өкпе ісінуін пайда ететін факторлар
Бронхөкпе жүйесі ауруларын атау
КРЕДИТ № 3
Дәріс №1
1. Тақырыбы: Жүректің ишемия ауруы және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдың принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді жүректің ишемия ауруы және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдың принциптері жүрек тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілермен таныстыру
3. Дәріс тезистері. Жүректің ишемия (тәж) ауруы – миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігімен қамтылған патологиялық процесс. Оның негізгі клиникалық формалары – стенокардия, миокард инфарктысы және коронарогенді (атеросклеротикалық) кардиосклероз. Антиангинальды дәрілер: I Миокардтың оттегiне деген қажеттiлiгiн азайтатын және оның қанмен қамтамасыз ететiн құралдар: 1) Органикалық нитраттар: а) қысқа уақыт әсерлi нитроглицерин препараттары-нитроглицерин; б) ұзақ уақыт әсерлi нитроглицерин препараттары- нитроминт, нит-рет, тринитролонг, нитронг, сустак, нитродерм; в) нитроглицерин туындылары: Изосорбид динитраты (нитросорбид), изосорбид мононитраты (изомокад), эринит (диклоран); 2) Кальций антагонистерi: Нисредипин (фенигидин, коринфар), верапамил (изоптин), дилтиазем (ангизен, кардил), амлодипин (норвакс); 3) Әртүрлi құралдар – Амиодарон (кордарон); II. Миокардтың оттегiне деген қажеттiлiгiн азайтатын құралдар (β – адреноблокаторлар (АБ-лар)): Анаприлин (Пропранолол), метопролол (беталок), талинолол (корданум), окспренолол (тразикор). III. Миокардтың қанмен қамтамасыз етуiн жақсартатын құралдар: а) Миотропты әсерлi тәжкеңейткiш құралдар: Дипиридамол (Курантил, персантин), молсидомин (корватон), карбокромен (интенкордин), дротаверин (но-шпа), папаверин гидрохлориді; б) рефлекторлы әсерлi тәжкеңейткiш құралдар: валидол.
Нитроглицериннің аэрозолінің қолдануы: стенокардия ұстамасы, кардиальды демікпе, өкпе ісінуі.
Күре тамырға арналған нитролгицериннің қолдану көрсеткіші: тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі, стенокардияның вазоспастикалық формасы, жедел солқарыншалық жетімсіздік, созылмалы қан айналымының жетіспеушілігінің ауыр ағымы.
Күре тамырға енгізілген нитроцлицериннің жанама әсерлері: артериалды гипотензия, бас ауру, синусты брадикардия, синусты тахикардия.
Карсы көрсеткіші: аллергиялық реакциялар және нитроглицеринге гиперсезімталдылық, артериалды гипотензия, ми қан айналымының бұзылысы.
Басқа дәрілермен нитраттардың бір-бірімен әсерлесуі: барбитураттар, бауырдың микросомальды ферменттердің белсенділігін жағарылата отырып, нитраттардың метаболизмін күшейтіп, олардың тиімділігін азайтады. М-холиноблокаторлар, альфа-адреномиметиктер, питуитрин, дигидроэрготамин нитраттардың әсерлерін әлсіздендіреді.
Антиангиналды дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динами-касын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды
Гипертониялық ауруы – артериялық қысымның жоғары болатын жағдайын айтамыз. Гипертониялық криз гипертониялық ауру кезінде пайда болады. Гипертониялық криздің негізгі үш варианты бар: гипертензивті кардиальды криз, церебральды ангиогипнотикалық криз және церебральды ишемиялық криз. Антигипертензивтi құралдар. I. Нейротропты құралдар: 1) Вазомоторлы орталықтардың тонусын төмендететiн құралдар: Клонидин (клофелин), метилдофа (допегит), гуанфацин (эстулик); 2) Симпатолитиктер: резерпин және резерпинi бар препараттар (раунатин, адельфан), гуанетидин (октадин); 1) АБ-лар: А) - АБ – празозин (α1); Б) 1, 2 -АБ – фентоламин, тропафен; В) β- АБ: а) β 1, β 2 - АБ (кардиоселективтi емес): пропранолол гидрохлорид (анаприлин), пиндолол (вискен), надолол, окспренолол; б) β 1 АБ (кардиоселективтi): атенолол, метопролол (беталок), талинолол; в) α, β-АБ – лабеталол; 3) Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин. II. Миотропты құралдар: 1) Артериолаларды кеңейтетiн құралдар: Гидралазин (апрессин); 2) Артериолаларды және венулаларды кеңейтетiн құралдар; 3) Натрий нитропруссидi; 4) Әртүрлi құралдар: Магний сульфаты, дибазол. III. Калий өзектерiнiң (каналшаларының) активаторлары: Миноксидил, диазоксид. IV. Кальций антагонистерi: Верапамил (изоптин), нифедипин (фенигидин). V. Ренин – ангиотензин жүйесiне әсер ететiн құралдар: 1) ангиотензин II синтезiн ингибиторлерi (тежеушiлерi): Каптоприл (тензиомин), эналаприл (энап), трандолаприл (гоптен), периндоприл (коверекс); 2) Ангиотензин рецепторлерының блокаторлары: Саралазин (лозартан). IV. Су – тұз алмасуына әсер ететiн құралдар (диуретиктер): Гидрохлортиазид (дихлотиазид), фуросемид, этакрин қышқылы (урегит), клопамид, спиронолактон (верошпирон).
Бета-блокаторлардың қолдану көрсеткіштері: эссенциалды немесе симтоматикалық артериалды гипертензия, созылмалы жүректің ишемия аурулары, жүрек ритімінің бұзылысы, гипертрофикалық обструктивті кардиомиопатия, тиреотоксикоз, ашықбұрышты глаукома, туу қызметін қуаттандыру, мигрень.
Жанама әсерлері: брадикардия, бромхоспазм, гипогликемия, буын тамырларының спазма, липидті алмасудың бұзылысы, жүкті жатыр тонус жоғарылауы, диспепсия, импотенция, доғару симптомы.
Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі:
1. Үнемді киыстыру:
а) артериалды гипертонияны емдеу үшін бета-блокаторлармен, несеп айдайтын дәрілермен, ААФ ингибиторлерімен, нифедипин тобындағы кальций ионының антагонистерімен;
б) аритмияні емдеу үшін хинидинмен, новокаинамидпен, этмозинмен, ритмиленмен.
2. Үнемсіз киыстыру:
а) жүрек гликозидтерімен; б) антидепрессантармен; в) холинэстераза ингибиторлерімен; г) симпатолитиктермен; д) инсулинмен және синтетикалық диабетке қарсы дәрілермен; е) кальций ионының антигонистерімен; ж) М-холиноблокаторлармен.
Бета- блокаторлармен артериялық қысымның ұзақ монотерапиясы үшін көрсеткіштер: сол қарыншаның миокард гиперторофиясы бар артериалды гипертензия, белсенді өмір сүретін жас науқастардағы артериалды гипертензия, күш түсу стенокардиямен артериалды гипертензияның киыстырылуы, трансмуралды миокард инфарктысын алған артериалық гипертензиямен ауыратын науқастарды ұзақ емдеу.
Бета-блокаторлардың қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:
1. лабораторлы:
а) қандағы препараттардың концетрациясын ереже бойынша анықтамайды.
б) несептегі қантпен қандағы тығыздығы төмен және өте төмен липопротеиндермен қанттың деңгейін анықтау.
2. Параклиникалық : эхокардиография көмегімен жүректің жиырылғыш функциясын бақылау.
3. Клиникалық: брадикардия; артериалдық қысымның мониторингі; жүрек жетімсіздігінің белгілері.
Кальций ионның блокаторларының қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:
1) теріс дромотропты эффект;
2) ЭКГ;
3) артериялық қысымның көрсеткіштерін қалпына келтіру;
4) жүрек –көкірек аймағындағы ауырсыну ұстамасы жиілігігін азайту.
ААФ-ингибиторлерінің қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:
1) лабораторлы;
2) параклиникалық: а) эхокардиография; б) ЭКГ; в) кеуде жасушасы мүшелерінің рентгенографиясы; г) магнитті – резонансты томография.
3) клиникалық: тахипноэмен ортпноэнің жойылуы; пульс дефицитінің жойылуы; диурездің жоғарылуы; дене массасының төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |