Дәріс кешені Пән Клиникалык фармакология Код- кf 3219 Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі» Сағат саны- 45 (1 кредит)


Дәрілік заттарды бірге қабылдағандағы әсерлер



бет23/36
Дата05.03.2024
өлшемі427 Kb.
#494437
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
лекц.комп.клин.фарм.СД-2-кур.каз

Дәрілік заттарды бірге қабылдағандағы әсерлер
Стационарда емделіп жатқан науқастарға саны 6 дан 10- ға дейін дәрілер тағайындалады. Комбинацияланған дәрілік заттар синергизм, антогонистер және синерго- антогонистер түрінде әсерлесуі мүмкін.
СИНЕРГИЗМ (грекше synergos-бірге әсер етуші) - бір дәрілік заттың екінші дәрінің әсерін күшейтуі. Синергизмнің суммацияланған және потенцияланған 2 түрін ажыратады. Суммацияланған синергизм немесе аддиция- комбинация әсері комбинацияланған дәрілік заттардың әсерінің арифметикалық суммасына тез ингаляциялық наркоздағы жалпы анестетиктердің синергизмі, созылмалы ауырсынудағы парацетамол мен ибупрофеннің синергизмі. Потенцияланған синергизм немесе супераддиция- комбинация әсері комбинацияланған дәрілердің әсерлерінің арифметикалық суммасынан асады. Ол фармакокинетикалық механизм нәтижесінде пайда болады.

  • Сорылудың өзгеруі- адреномиметиктер тамырларды тарылтып, жергілікті анестетиктердің қанға сорылуына кедергі келтіреді және оның жергілікті ауырсынуды басатын әсерін жоғарылатады. Асқазан- ішек жолдарында қышқыл ортаны түзетін дәрілер (аскорбин қышқылы, ацетилсалицил қышқылы) әлсіз қышқыл қасиеті бар дәрілердің сорылуын жоғарылатады (салицилаттар, индометацин, фуросемид, тікелей емес әсері антикоагулянттар, сульфаниламидтер, тетрациклин), керісінше антоцидтер рН- ты сілтілі ортаға ығыстыра отырып, негіздердің сорылуын (аллкомоидтар, транквилизаторлар, гистаминге қарсы дәрілер);

  • Қанның ақуыздармен байланысынан дәрілерді ығыстырып шығару- қабынуға қарсы дәрілер бутадион және индометацин альбуминмен байланыстан антикоагулянттарды және глибенкламидті ығыстырып шығарады, яғни қан кету және гипогликемияны болдырмау мақсатында;

  • Мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы- инсулин жасуша мембранасы арқылы глюкоза мен калий иондарының енуін жеңілдетеді;

  • Метаболизмді тежеу- холиноэстеразаға қарсы дәрілер ацетилхолиннің әсерін ұзартады және күшейтеді. Альдегиддегидргеназа блокаторы тетурам сірке альдегидініңәсерін потенциялайды. Р450 цитохромының тежеуіштері метаболизмдік клиренске ие дәрілердің әсерін күшейтеді;

  • Дәрілік заттардың басқару жүйелерінің әр түрлі қызметтері мен циторецепторлары синергистерге әсер етуі миорелаксанттарды, транвилизаторлар, анальгетиктерді қолданылған потенциалды наркоз: тамырды кеңітуші препараттардың зәр айдаушы дәрілермен бірге тағайындағандағы гипотензивті әсерінің анағұрлым өсуі. Сонымен қатар дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерінің де синергизмі болуы мүмкін. Мәселен, антибиотик- аминогликозидтерді (стрептомицин, канамицин, гептомицин және зәр айдаушы дәрілерді (фурасемид, этокрин қышқылын) бірге тағайындағанда ото және вестибулотоксикалық асқынулар қаупі зор. Жүрек гликозидтерімен бірге тамырға кальций хлоридін енгізу аритмияға алып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет