Синерго - антогонизмі- дегеніміз комбинацияланған дәрілік заттардың бір әсерлері күшейіп, келесі бір әсерлері әлсіреп жатса «Аэрон» таблеткасының құрамындағы снополамин және гиосциалин- құсу орталығының тежеу әсерлері бойынша синергистер болады. Скополамин тыныс орталығын тежейді, ол гиосциалин оны белсендіреді.
Дәрілік заттың әсерінің дозаға тәуелділігі
Тәжірбиелік фармакологияда дозаны белгілеу мақсатында альтернативті және градирленген жүйені қолданады. Альтернативті жүйеде дәрілік заттар фармакологиялық әсерлер берген жануарлар санын процентпен белгілейді. Градирленген жүйеде дәрілердің әсерлерінің өзгеру дәрежесін дозаға тәуелділікте белгілейді. Мәселен, альтернативті жүйеде ЭД50 әсерлі дозасы 50% жануарларда әсер беретін дозаны білдіреді, ал градирленген жүйеде бұл 50%- ға тең максимальды мүмкін болатын және фармакологиялық реакцияны қамтамассыз ететін дозаны білдіреді. Барлық дәрілік заттардың терапевтік, токсикалық және леталды (өлім) дозалары бар.
Терапевтік дозалар:
Минимальды терапевтік доза- дәрілік заттың терапевтік әсер беретін аз мөлшері;
Орта терапевтік доза- көптеген науқастардағы дәрілік заттың профилактикалық (алдын- алу) немесе емдік әсер беретін дозасы;
Максимальды терапевтік доза- улы әсер көрсетпейтін дәрілік заттың көп мөлшері.
Улы дозалар:
Минимальды улы доза-10% зерттеулерде байқалатын аздаған интоксикация симптомдарын немесе улануды беретін доза;
Орта улы доза- 50% зерттеулерде байқалатын орташа ауырлық дәрежесінде интоксикацияны немесе улануды білдіретін дәрінің дозасы;
Максимальды улы доза- 100% зерттеулерде байқалатын ауыр дәрежедегі интоксикацияны білдіретін доза, бірақ мұндай дозада өлім байқалмайды.
Өлім дозалары:
Минимальды өлім дозасы (ДЛ10)-10% зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын доза;
Орта өлім дозасы (ДЛ50)-50% зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын доза;
Максимальды өлім дозасы (ДЛ100)- барлық уланған жануарларды өлтіретін доза.
Тәжірибеде терапевтік, улы және леталды дәрі дозаларын математикалық есептің көмегімен есептейді. А және Б тізіміндегі препараттардың бір реттік және тәуліктік дозалары бар. Дәрілердің терапевтік әсерлерінің ауқымы- бұл орта және максимальды терапевтік дозалар арасындағы диапазон. Терапевтік индекс- ЭД50 әсерлі дозасының ДЛ50 өлім дозасына ара қатынасы. Тез арада терапевтік әсерге жету үшін дәрілік заттарды, мәселен, антибиотиктерді, сульфаниламидтерді соққы дозаларында тағайындайды. Кумуляцияға бейім препараттарды бір қалыпты дозаларда қолданады. Педиатрия тәжірибесінде дәрілік заттарды сәбидің денесінің массасына сәйкестеп дозаны есептейді. Дәрілік заттың әсерінің дозаға тәуелділігі тек қана сандық қана емес сапалық болады. Мәселен, ацетилхолин аз дозада М- холинорецепторларды қоздырады, 10 есе көп дозада Н- холинорецепторларын да қоздырады. Натрий оксибутираты аз дозаларда ауырсынуды басатын, тыныштандыратын әсерлер берсе, орта дозаларда- құрысуға қарсы және ұйқы шақыратын әсерлер, ал үлкен дозаларда- наркоз әсерін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |