Тест тапсырмалары
1. Бір нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
А) Ешқандай. B) Біреу. C) Екі. D) Шексіз көп.
2. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
A) Шексіз көп. B) Екі. C) Біреу. D) Ешқандай.
3. Екі түзудің ең көп дегенде неше ортақ нүктесі болады?
A) Ешқандай. B) Біреу. C) Екі. D) Шексіз көп.
4. Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктелер жұбынан неше түзу жүргізуге болады?
A) Біреу. B) Екі. C) Үш. D) Шексіз көп.
5. Кез келген үшеуі бір түзудің бойында жатпайтын төрт нүктелер жұбынан ең көп дегенде неше түзу жүргізуге болады?
A) 4. B) 6. C) 8. D) 12.
6. Кез-келген үшеуі бір түзудің бойында жатпайтын бес нүктелер жұбынан ең көп дегенде неше түзу жүргізуге болады?
A) 5. B) 10. C) 15. D) 20.
7. Үш түзудің жұптарының ең көп дегенде неше қиылысу нүктесі болады?
A) Біреу. B) Екі. C) Үш. D) Шексіз көп.
8. Түзуде 4 нүктебелгіленген. Осынүктелер кесіндінің ұштары болатындайнеше кесінді болады?
A) 3. B) 4. C) 5. D) 6.
9. OAсәулесінің бойындаOAкесіндісінен кішіOBкесіндісі орналасқан. Үш нүктенің қайсысы қалған екеуінің арасында жатады?
A) A. B) O. C) B. D) Мүмкін емес.
10. Түзу бойында тізбектеліп үш кесінді орналасқан: АВ, ВС және СD , АВ = 3 см, ВС = 5 см, CD = 4 см. АВ мен CDкесінділерінің орталарының арақашықтығын табыңдар.
A) 6,5 см. B) 7,5 см. C) 8,5 см. D) 10,5 см.
11. Сыбайлас бұрыштың бірі 30о. Екінші бұрышын табыңдар.
A) 30о. B) 60о. C) 120о. D) 150о.
12. Сыбайлас бұрыштың бірі екіншісінен 90о –қа үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.
A) 90о, 180о. B) 30о, 120о. C) 60о, 150о. D) 45о, 135о.
13. Екі түзу қиылысқанда пайда болған вертикаль бұрыштардың қосындысы 150о. Осы түзулердің арасындағы барлық бұрыштарды табыңдар.
A) 60о, 120о, 60о, 120о. B) 30о, 150о. 30о, 150о.
C) 75о, 105о, 75о, 105о. D) 50о, 130о, 50о, 130о.
14. 20 минутта сағаттың минуттық тілі қандай бұрышқа бұрылады?
A) 30о. B) 60о. C) 90о. D) 120о.
15. 13 сағ 30 мин болғанда, сағаттың минуттық және сағаттық тілдері қандай бұрыш жасайды?
A) 90о. B) 120о. C) 135о. D) 150о.
Сұрақтар
Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
Екі түзуді үшінші бір түзу қиғанда қандай бұрыштар пайда болады?
Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
Егер түзу берілген түзулердің әрқайсысына параллель болса, онда қандай түзулер берілген?
Дерек көздері
1. http://bilimland.kz/kk/content/structure/873-planimetriya#lesson=11476
2. http://volna.org/wp-content/uploads/2014/11/volna_org_priamaia_otriezok_luch_i_ughol.zip
3. http://www.yaklass.ru/p/geometria
4. https://www.mathsisfun.com/geometry/line.html
5. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6
Достарыңызбен бөлісу: |