Дәріс Кіріспе. Алғашқы ұғымдар, нүкте, жазықтықтағы түзулер мен бұрыштар Жоспар



бет6/9
Дата31.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#454961
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 1 эм

Айқас түзулердің арасындағы бұрыш деп айқасқан түзулерге параллель жүргізілген әрі бір нүктеден шыққан екі түзудің арасындағы бұрыш түсініледі.

Денелік бұрыш деп белгілі бір конустық бетпен шектелген кеңістіктің бөлігі айтылады.

Денелік бұрыштың дербес жағдайы болып көпжақты бұрыш есептеледі. Екі жақты бұрышты сызықтық бұрышпен өлшейді.



Сызықтық бұрыш — екі жақты бұрыштың жақтарынан қырына түсірілген перпендикулярлар арасындағы бұрышқа тең.



Сәйкес бұрыштарды табыңыз

1)    ішкі айқыш бұрыштар;

2)   сыртқы айқыш бұрыштар;

3)   ішкі тұстас бұрыштар;

4)    сыртқы тұстас бұрыштар;

5)  сәйкес бұрыштар.





5. Жазықтықтағы түзүлердің параллельдігі

Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі.

Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.

Мысалы: түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б.

Параллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық (угольник) пен сызғыш пайдаланылады.

Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:

1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз.

2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз.

    Бір жазықтықта жататын бір - бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады. «Параллель» сөзі гректің parallelos— «қатар жүруші» деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі.    a ||b.

 Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель

Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де  өзара параллель болады.

Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады. /параллельдік аксиомасы/ .

   Параллель екі түзудің  біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де қияды.

Бір жазықтықта жатқан екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда шығатын: 1 және 5, 2 және 6, 4 және 8, 3 және 7 бұрыштарын сәйкес бұрыштар; 2 және 5, 3 және 8 бұрыштарын ішкі тұстас бұрыштар; 1 және 6, 4 және 7 бұрыштарын сыртқы тұстас бұрыштар; 3 және 5, 2 және 8 бұрыштарын ішкі айқыш бұрыштар; 1 және 7, 4 және 6 бұрыштарын сыртқы айқыш бұрыштар дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет