Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет4/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Дәріс

2. Дәріс тақырыбы: Отбасылық қарым-қатынас
Дәріс жоспары:
1.Отбасындағы өзара қатынас жүйесі.
2.Қарым-қатынас туралы.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасындағы өзара қатынас жүйесі.
Отандық психологияда қарым-қатынасты психологиялық феномен ретінде қарастыратын бірнеше көзқарастар бар,соған байланысты бірнеше түсініктерге тоқталып өтсек. Б.Ф.Ломовтың ойынша,қарым-қатынас бірқалыпты және көп жақты процесс, оның басты қызметі-тұлғааралық қатынас, алайда бұл сала әлі толық зерттелмеген.
Отбасы шағын топ ретінде аз қарастырылған. Көп тұжырымдарға сүйенетін болсақ, отбасы қатынасы ғылым ретінде өз алдына дербес емес және оның келешегі де жоқ сияқты. Іс тәжірибеде әдістемелерді қолдану қиындық туғызады, себебі толық отбасын зеріттеуге лайықты емес деген түсінік қалыптасқан.
Отбасындағы өзара қатынас жүйесі туралы батыс жұмыстарынан А.Я.Варги еңбектерін атауға болады.Одан шығатын қорытынды, Қазақстанда отбасы және неке мәселесімен айналысатын ұйым қызметі төменгі деңгейде зерттелуде десек, жансақ айтпаймыз.
Сонымен, отбасы жекелік және әлеуметтік өмірдің арасындағы делдалдық сипаттағы,маңызды (дене және рухани) қызметті атқара отырып, әлеуметтенуде мінез-құлықты алғашқы бақылаушы,құндылықтарына қарай қолдау көрсетуші, ішкі және сыртқы мәдениетте морольдік қалыпты сақтаушы,өмір сүру эталоны болып табылады.
Отбасы-әлеуметтік жүйе, оны «Park & Buriel» деп тұтастай жүйе ретінде қарастыра отырып, «бала-ата-ана», «ері-зайыбы», «туыстар» (бір ата-анадан тараған әпке-іні) бөліктерін біріктіреді.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің «отбасы-бұл жұбайлар арасындағы,ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады,ортақ тұрмыс пен өзараадамгершіліктің,жауапкершіліктің,қоғам қажеттіліктеріне негізделген әлеуметтік тәуелділіктің сипаты» деген тұжырымы дәлелді.
Отбасы-психологиялық ерекшеліктерден тұратын әлеуметтік психологияның зерттеу нысаны. Әлеуметтік психология аумағында зерттеген Н.И.Сарджвеладзенің «жеке тұлға-әлеуметтік орта» деген жүйесі зерттелген жұмыстардың бірі.Жүйе түсінігін ашуда құрылымдық және динамикалық жақтардың мүмкіндіктері айтылады. Құрылымдық жағдайға әлеуметтік беделі,ұстанымы, белсенділігі бейімделуі жатса, ал динамикалық жағы өзара байланысты,қалыптасу жолындағы ядроны береді.Ғалым теориялық құрылым беруде Л.Рубинштейн,В.Я.Мясищев, Э.В.Ильенкова тұжырымдарына сүйенген.
1.Жеке тұлғаның біріншіден, әлеуметтік қатынастағы орны,екіншіден сыртқы әлемге жіне өзіне деген қатынасы анықталады.
2.«Жек тұлға әлеуметтену»жүйесіндегі екеуі бірлікте қарастырылып,тепе-теңдіктегі қатынасы алынады.
«Жек тұлға және әлеуметтену»жүйесінің иерархиялық алғашқы қабаты-шынайы сыртқы әрекетке(өзгеге және затқа);екінші қабаты«өзіне қатынасы»,үшінші-жеке тұлғаның әлеуметтік беделі.Әр қабат 3 құрамды кокнетивті,эмоцияналдығмінез-құлықты қатарды қарастырады.
К.А.Абульханова – Славская: «жекелік сана субъектінің қоғами түрінен, индивиттің жекелік өмірлік әрекет сапасынан тұрады»,-дейді.
Фрейдтің психоаналитикалық теориясын жалғастырушы Э.Фромм бала мен ата-ана қатынасыннан туындайтын мәселеге өзгеріс енгізді. «Әлеуметтік мінез»түсінігін шығарып , «Жеке тұлғаның дамуы үшін арнайы жағдай мен мәдениет бірге қалыптасуы қажет»,-дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет