2.Отбасы психологиясының құрылымы, қызметі.
Отбасы құрылымы - отбасы мүшелері құрамынан туыстық түрлер мен рөлдерден тұрады.Отбасы құрылымы негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады
(В. Сатир, 1992).Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.
Нуклеарды (ядролық) отбасы-екі ұрпақтық байланыстағы ерлі-зайыпты және олардың балалары;
Кеңейтілген отбасы- үш ұрпақ жалғастығы:ата-ана бір жағының,ерлі- зайыпты, олардың балалары;
Бүтін емес отбасы- екі адамнан тұруы немесе бір ата- анасының бірге тұрмауы;
Аралас отбасы-жесір әйел немесе ажырасқан баласымен бірге қосылуы.
Американдық белгілі психотерапевт С.Минухин отбасылық құрылым түрлерін кезеңдік даму заңдылығына әсер ететін күрделі құрылым ол бір неше индивиттен тұратын ішкі жүйені құрайды деп, жеке құрылым бөліктеріне ерлі-зайыптылар, ата-аналар, аға-қарындас жүйелерін жатқызды.
Отбасы құрылымының жұмыс моделін ұсынғандар С. Минухин, Б. Монтальво, Б. Герни, Б Розман, М. Вальтерс, СГринштейн болды.
Отбасының құрылым жүйесі екі түрде қолданылады:
1.Генетикалық жүйе.
2. Бірін-бірі толықтыратын рөлдік жүйе.
Генетикалық жүйеде отбасылық құрылымның қолданылуы,ең алдымен отбасы ішіндегі иерархиясын анықтайды. «иерархия»деген сөз грек тілінде hieros «киелі» және arche «билік»дегенді білдіреді, мұнда билік пен бағынушылық, қарым- қатынас туралы айтылады.
Бір - бірін толықтыратын ролдік жүйе. Ағылшын тілінен аударғанда complement «толықтыру, жинақтау», ал «рөл»дегеніміз адамдардың басқа адаммен қарым- қатынасқа түсүдегі адам мінез-құлқының нақты бір тәсілі.
Отбасының классикалық жеке түрлері: патриархалды немесе дәстүрлі, балаға орталықталынған немесе қәзігі заманғы, ерлі- зайыптылар немесе қазіргі шектелген отбасы, аналық немесебүтін емес отбасы. Бұл отбасы түрлері қазіргі таңда кең көлемде жүзеге асуда.
С. И. Голодтың пікірінше,отбасы құрылымдық екі өрісте қарастырылады: ерлі- зайыптылар қатынасы және ата- анамен бала қатынасы(1998).Сондай-ақ дәстүрден тыс отбасы немесе жекелікке жатпайтын отбасы: некеден тыс отбасы(бүтін емес немесе жалғыз аналық), альтернативті отбасы стилі. Бұл дәстүрлі отбасындағы дағдарысты және отбасы- неке инстетутының эвольюциялық дамуын көрсетеді.
Кейінгі зерттеулерде Л. И. Посталова мынадай отбасы топтамасын ұсынды: үйлесімді – үйлесімсіз, топтасқан – шашыранқы, корпоративті- альтуристі, икемді- концервативті, ашық- жабық, бұйрықты – демократиялы.
I деңгей үйлесімсіз толықтырылмаған отбасы, себебі мұнда отбасы мұшелерінің мақсаттары мотивациясы яғни қажеттілігі сәйкес емес, әркым өз бетінше өмір сүреді. Күштеу сипатына байланысты болғандықтан, психикалық қысым мен қобалжу байқалады.
II деңгей отбасы табиғи жіне басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруда белгілі бір талап пен заңдылқты ұстанады ал оған бағынбаса жаза қолданады немесе мүшеліктен шығарылып тасталады.
III деңгей отбасы қорған қамқор түрлі қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік туғыза алады. Жеке тұлға отбасымен бірлікте өмір сүре отырып, қоғам үшін тәуекелдікке баруға дайын турады.
IV деңгей Отбасы жоғары үйлесімді,оның жеке мүшелерінің қажеттіліктері толық назарға алына отырып жоғары қолдау көрсетіледі.Негізінен отбасы жүйесінің қызметін толық жақсартуға бағытталған.
Л.И.Посталованың жағымды отбасын анықтау сипаты келесі бейнеде: отбасының әр-бір мүшесі бірге ұқсастана отырып, өзінің міндетін және толық мүше екенін сезініп қыйын жағдайларда отбасының моральды және материалды қолдауын қабылдап,өзінің де жауапкершілігін түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |