Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Отбасының қалыпты дағдарысы



бет7/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Дәріс

Отбасының қалыпты дағдарысы

Э.Дювалль отбасы өмірлік циклінің қалыпты дағдарыс топтамасына келесідей сипаттар береді: қалыптасқан (0-5жыл) баланың болуы, үлкені 3 жасқа келуі; бала-бақша жасындағы баланың болуы, үлкені 3-6 жас; мектеп жасындағы баланың болуы, үлкені 6-13 жаста ; жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста; балаларын өмірге «аттандырған»; ерлі –зайыптылар кемелденген шақ ; кәріліккежеткен отбасы.


Отандық психологияда танымал Э.К. Васильева отбасы өмірлік циклінің
қалыпты дағдарысы топтамасын бес кезеңге бөледі:
1.Отбасының құрылуы: некеге тұрғаннан алғашқы сәби дүниеге келгенге дейінгі кезең;
2.Баланың тууы мен тәрбиеленуі: бір бала болсын , еңбек әрекетіне араласқанға дейінгі кезең;
3.Отбасында тәрбие беру қызметінің аяқталуы: ата-ана қамқорлығына барлық балалардың кетуі;
4.Ата-ана және баланың біреуінің жеке отбасын құрмай, бірге тұруы;
5.Ерлі-зайыптылардың жеке немесе отбасын құрған балаларымен тұруы.
Отбасының қалыпты дағдарыс мәселесіне бірінші ықпал осы өмірлік бірқатар заңдылықты қарастыратын өтпелі кезең деп аталады. Бұл дағдарыс ықпалы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі болатын қалыпты немесе көлденеңінен стресстер (Э.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстискис, 2000). Өмірлік цикл кезеңінде «тұрып қалу» бөгеттерге байланысты немесе тепе теңдік деңгейде бейімделе алмаудан болады.
В.Сатир отбасы дамуын он түрлі сын нүктелеріне бөлді: ұрықтану; тілді меңгеру; сыртқы ортамен қатынас; жеткіншек жасқа өтуі; есейіп үйден кетуі; үйге өмірінде климакс басталуы; ер азаматтарда жыныстық белсенділіктің төмендеуі; ата - апа болуы; ерлі зайыптының біреуінің қайтыс болуы.
Отбасы осы дағдарыс кезеңдерінен бірталай қобалжудан өтеді. Қалыпты дағдарыс негізінде микрожүйе деңгейінде тіркелетін бала мен үлкендер арасындағы түр жекелік дағдарыстар деп аталады. Екінші ықпал отбасының өмір сүру жолында кездесетін жағдайды талдаумен байланысты, ол отбасы жүйесіне әсер етеді. Отбасындағы кейбір жағдайлардың өмірлік циклге жатпайтыны да болады, оны қалыпты емес деп атайды.Үшінші ықпал негізгі отбасы дағдарыс жағдайы туралы алынған білімдер немесе жеке жүйе асты туралы тәжірибелік зерттеулер нәтижелерінен көрінеді.
Отбасы дағдарыс кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, қызметінде тепе теңдік бұзылады.
ХХ ғасырдың 70- жылдары отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік перцептивті үрдістерді Ю.Е.Алешина, З.И.Янкова және т.б. зерттеп қарастырды.
Отбасы ішіндегі қарым- қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б. болды. Осыған байланысты жаңа отбасы мазмұнында туыстық, ата аналық емес серіктестік некесінде міндетті түрде жекелік тұғыры ескеріледі. Отандық зерттеулерде отбасы типтерінің түрлері ғана емес, некенің түрлері де қарастырылуда.
Әлеуметтік ықпалдағы қызметте отбасы әлеуметтік институт ретінде қарастырылады (С.И.Голод,Н.Г.Юркевич,А.Г.Харчев, М.С.Мацковский, К.Витек, З.И.Янкова және т.б.)
Қазақстандық ғылыми жұмыстарда отбасын тарихи даму процесі ретінде қарастырып , онда отбасының қоғамға әсері туралы зерттегенде Н.С. Есипов, А.М. Елемесов, М.П. Қабақова және т.б.
Отбасысындағы дағдарысының микрожүйе деңгейінен көрінуі: тұтастық көрсеткіштерінің бұзұлуы: отбасы мүшелерінің аралық шекараларының кішіреюі немесе кеңеюі; отбасында ішкі және сыртқы шекаралардың бұзұлуы, жойылуы, сондай - ақ үйлесімсіз әрекеттердің ұзақ уакытқа созылуы; отбасы құрылымдық жүйесінде рөлдердің өзгеруі, біртегіс бөлінбеуі, отбасында қақтығыстардың шығуы; иерархиялылықтың бұзылуы; жағымсыз эмоциялар мен сындардың өсуі; отбасы жүйесінде мүшелерінің бір - біріне қанағаттанбауы; көзқарастары жағынан, өзін алданып алғандай сезінуі, ұрыс - талас, балағат сөздер айтылуы; отбасы мүшелері құндылықтарының бұзұлуы немесе жаңа тәжірибе жинауға қалыптаспауы; ереженің тапшылғы.
Отбасы дағдарысының макрожүйе деңгейінде көрінуі: отбасылық аңыздың белсенділенуі ; белсенді тепе - теңдікте өмір сүре алмай , өткен ата - баба өмірін тиімді деп шығаруы; иеархияның төңкерілуі, отбасы мүшелерінде ішкі және сыртқы шекаралардың жойылуы, жаңа моделдің қалыптаспауы.
Отбасы дағдарысының мегажүйе деңгейінде көрінуі: отбасының әлеуметтік ортадан шектелуі; бейімделе алмауы; қоршаған ортамен қақтығысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет