Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет12/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


6. Дәріс тақырыбы: Отбасының қалыптан тыс дағдарыстары
Дәріс жоспары:
1.Отбасының қалыптан тыс дағдарыстарына түсінік.
2.Ерлі-зайыптылар арасындағы сатқындық.
3.Ажырасу мәселесі.
4.Отбасы мүшелерінің суицид әрекеті.
Дәрістің мазмұны:
3.1. Отбасының қалыптан тыс дағдарыстарына түсінік
Отбасының дағдарыс кезеңінің ерекшелігін білу үшін отбасы жайлы «қалыпты фильтрді» есепке алып талдау қажет. Нақтыласақ, «қалыпты фильтр» түсінігіне отбасы ережесі, белгілері, рөлдік көзқарастары, сипаты жатады.
Кеңес дәуірінің классик әдебиетшісі Л.Н. Толстой: «Бақытты отбасылардың бәрі бірдей, бақытсыз отбасылардың бақытсыздығы әр түрлі», - деп тұжырымдаған екен. Осыған қарамай, отбасы дағдарысы қалыпты түрден өмірде кездесетін қалыптан тыс көрсеткіштерге ауысады.
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс - отбасы өмірлік циклінің кез келген кезеңінде кездесетін дағдарыс. Р.Хилл дағдарыстың үш факторын бөліп қарастырды : сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);күтпеген жағдай,стресстер (отбасы немесе оның бір мүшесі жол апатына ұшыраған жағдайда,зорлау т.б);ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы, қақтығыс пен стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім,ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері: отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы; оған деген көзқарасын ескере отырып ,отбасы мүшелерінің өзгеруі; жекелік отбасылық жағдайда дағдарыстан шығу мүмкіндігін көрмеуі.
«Некелік тоқталу, тежелу» (инфантализм)- ерлі-зайыптылар келісілген отбасылық құндылық әлсіз деңгейде көрініп, өзекті бірлескен өмір сүруде көрінетін өзара қатынастың сәйкес келмеуі. Отбасының даму кезеңдері толық зерттелмеген тақырып, ерлі-зайыптылар мен отбасы қатынасы жалпы динамикалы, ол ішкі процестің дамуын көрсетеді.
Отбасы басқа жүйелер сияқты екі даму бағытынан тұрады- алғашқысы біругуге,бірлікке, ал екіншісі ыдырауға ,жайылуға әкеледі. Сондықтан отбасы өмірінде туындайтын қысым оны жеңуге не керісінше қақтығысқа жеткізіп, оны ыдырауға, айқайға, ажырасуға әкеледі.
2. Ерлі-зайыптылар арасындағы сатқындық.
Некедегі ерлі-зайыптыларда жыныстық жағынан адал болмауы, басқа адаммен кездесу, эпизодтық немесе жүйелі болып келуі мүмкін. Сатқындыққа баруды некенің қай кезеңінде басталғанын (қай қалыпта дағдарыста) анықтау қажет.Ол ерлі-зайыптылар арасында үйлесімнің болмауынан,қарсыластық пен қақтығыстың туындауына әкеледі. Ер-азаматтың сыртта көңілдесі болуы жыныстық қажеттілігін өтеу болып табылады, ал әйел затында болса ,көңілін көтеру, назарда болу, қамқорлықты сезіну болып табылады. Сатқындықтың артында психологиялық қажеттілігінің өтелмеуі: сүйіспеншіліктің, жақындықтың,құрмет пен қабылдаудың жетіспеуі тұрады.
К.Имелинскийдің түсіндіруінше, сатқындық тек ерлі-зайыптылар арасындағы үйлесімсіздіктен емес, сондай-ақ адамның жаңа әсер қажет етуіненде болады. Ол адам әрекетінен әр түрінде, мәселен жыныстық деңгейде жаңа серіктес тауып ,содан күш-қуат, жалпы өмірлік энергия көтерілсе, ал жекелік қасиетінде кездесетін шешімге келе алмау ,енжарлық, қорқудың бәрі жаңа байланыстың әсерінен қайраттылыққа, өзіндік төзуге әкеледі.
Сатқындықтың екі жолы бар. Бірі-дәстүрлі сатқындыққа бару, ол қауіпті ерлі-зайыптылар арасындағы жағдайда ажырасуға әкеледі. Екіншісі -зайыбы өлім хәлінде жатса. «сырттан психотерапевт» ретінде қарайды. Сатқындық барлық отбасы мүшесінің бүтіндік жүйесіне әсер етеді.
К.Витакер опасыздықты «сыртқы түрдегі психотерапевтік» деп қарастырады. Ерлі-зайыптылардағы опасыздықтың диадада қалыптасуы , құрылымды бұзып қана қоймай ,отбасында иерархияның ауысып, отбасы қарым-қатынасының күрделенуін туғызады.
В. Бамберри түсіндіруінше, ерлі-зайыптылар сатқындық құрдымға, тірі өлік деңгейіндегі қатынасқа алып келеді.
Сатқындық феномені үш деңдейде : жекелік ,микро және макро жүйеде талданады. Сатқындық жасаудың себептері төмендегідей:
Ерлі-зайыпты қатынасы жекелік ерекшеліктегі серіктесі ретінде : өзін нағыз еркек немесе нәзік әйел деңгейінде көрсету негізінде көп жұмыстық байланысқа түседі.
Микро жүйедегі фактор: Ерлі-зайыптылар қатынасының бұзылуы; жыныстық алшақтық ауру болуы немесе ұзақ уақыт сыртқа сапарға кетуі; бір -біріне сәйкес келмеуі; арада эмоционалды жақындықтың болмауы ; некеде сезімнің болмауы;кек алу ,өртеген күйігін басу үшін ерлі-зайыптылардың бір-бірінен көңілі қалуы.
Макро жүйедегі фактор: Отбасы сценариінің белсенділеу; некеде мотивацияның тепе-тең болмауы;ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігінің алшақтығы; материалды жағынан төмен,яғни жетіспеушілік;бірлесе атқаратын,көңіл көтеретін әрекеттің болмауы; біреуінде бос уақыттың көп мөлшерде болуы.
Сатқындықтың түрлері:некеден тыс кездейсоқта жыныстық қатынаста болу; эротикалық-жыныстық оқиға;жаңа жыныстық қатынас (тәжірибе жинау үшін қысқа мерзімде болады).
Сатқындыққа ұзақ мерзімдік бару себептерінен бірнеше типтік реакциялар туындайды: агрессия,қорғану,мойындамау.
Сатқындық жасағанда зайыбының мінез-құлқына өзгерістер байқалуының бірнеше моделі бар:
1.Некедегі серіктестерге қатысты, бірінің көңілін өзіне қарату өмірдің маңызды мәні болып табылатын сипаттағы модель. Сатқындық -ұстап алу- кешірім сұрау-кешіру-сатқындық.
2.Тәуелді, жетілмеген, дербестік жоқ қатынас ерекшелігімен көрінетін көбіне әйел затындағы мінез-құлық моделі: қатынасының құлдырауына (материалды,әлеуметтік бедел болса)немесе ажырасуға әкеледі.
3.Жағдайға байланысты кездейсоқ сатқындықтан кейін ойнасы оны ұзақ мерзімге созу қажеттігін айтып ынталандырады немесе ажырастыруға нақты кіріседі.
4. «Өте жақсы» серіктес табу жолында әрдайымәрекет сипатындағы модель: оларға отбасын сақтап қалу ұнамайды ,психологиялық факторлар кірмейді ; бала бағу , пәтер алу, т.б.
3.Ажырасу мәселесі
Америкалық зерттеулерге сүйенсек , ерлі-зайыптылардың қатынасын бұзуға тәуекел фактор -кедейлік, жұмыссыздық немесе жұмыста қысым мен жүктеменің көптігі , қаржылық мәселелер болып табылады.Қанағаттану деңгейі төмендеп , ажырасуға әкелуі мүмкін. Ажырасу кезінде ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелер күрт көбеюі себебі олар оны алдын ала ойламайды (Фигдор Г.,1995)
Т.А. Гурко «жас отбасына» жастары 30-ға келмеген ,сондай-ақ бірлесіп өмір сүру үш жылдан аспағандарды жатқызады.Отбасы-неке институтының мәліметтеріне сүйенсек барлық ажырасудың 20% алғашқы екі жылдықта бірлесіп өмір сүру мерзіміндегі жас отбасылар екендігі анықталған.
Ажырасу түсінігінде ерлі-зайыптылар қатынасында эконимикалық ,заңгерлік және психологиялық тұрғыда бөлектену бар. Арадағы қатынас тоқталсада психологиялық деңгейде ажырасу сақталады.Онда келесі факторлар ажырасу санының артуына әкеледі.
-әйел адамның әлеуметтік тепе-теңдіктің өсуі мен экономикалық дербестігінің бекуі
-ажырасуға көзқарастың өзгеруі
-топтық діни нанымдардан құтылу деңгейі
-өмір сүру ұзарту мақстаында
- ата-ананың жар таңдауға әсер етуі
некеге тұрғанда теепе-теңдік мотивациясының болмауы біреуінде немесе екеуінде де
4. Отбасы мүшелерінің суицид әрекеті
Суицид түсінігі (өзіне қол жұмсау)- адамның саналы түрде өз өмірін қиюы. Суицидалды мотивтің негізгі топтамасы отбасы қақтығысына байланысты жекелік-отбаслық мотив ажырасу (соның ішінде ата-ананың) ауру , жақын адамның қайтыс болуы, жалғыздық, бөле алмаған махаббат , қоршаған орта жағынан қорлау.
З. Фрейд өзін-өзі өлтіру міселесін психоаналитикалық тұрғыдан қарастырған. Ал қарым-қатынастың осы жақтары мына ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады Вердвисел ,А. Пуз, Джон Гокфеллар , П. Чадай, Дж. Морено, Г.М. Андреева.
Отбасы рөлі контекстінде суицидалды мінез-құлықты талдаған А.Г. Амбрумова және Л.И. Поставалова болды. Олардың түсіндіруінше , отбасында суицидалды бала болса анықтау көрсеткіштері отбасы қызметінің бұзылғанын береді . Онымен терапия жүргізерде отбасымен бірге ,кейде отбасы соққысынан бөліп алуымыз керек делінген.
Бүгінгі психологтар позицияларын қорта келе олардың тәрбилеудегі қиындықтың негізгі себебі-адамның қоршаған ортамен қатынасының бұзылуынан деп түсіндіреді.
Бұл аталмыш мәселені кеңінен зерттеген ғалымдардың бірі-Австралия психологі В. Франкл.
В.Франкл суицидалды мінез -құлық жоюға қатысты психотерапиялық көмек деп аталатын логотерапия әдісін жасады .
Суицид отбасы үшін күрделі сынақ, жекелік деңгейде отбасы қызметінде түрлі қорғану механизмдерінің белсенді келеді.
Макрожүйе деңгейінде бұл жағдай барлық отбасы жүйесін қамтиды бір суицидтік әрекет отбасыны қайта құруға әкеліп соқтырады. Алғашқы соққы жағдайынан кейін отбасыл мүшелері бірігіп ауыр жарақаттармен күреседі.
Макрожүйе деңгейінде адамның қайтыс болуына байланысты қолждау көрсету үшін ой-пікірлер айтылып, шын мәнінде өлімнің неден болғаны жасырын қалады.
Суицид жабық тақырып түрінде «үндемеу келісімінде» өтеді.
естен айырылу, жылау, ыза болу, ашушаңдық өлімнің болғанын мойындамау өзімен -өзі сөйлесу күйініш бәсеңдеп қайта қалпына келе бастайды.
Қайғыру кезінде төмендегідей дағдарыс кезеңдерінен өтеді алғашқы 48 сағат алғашқы апта 2-5 апта 6-12 апта 3-12 ай 12-18 ай.
К.Изард пікірінше қайғыру индивидтік психологиялық бейімделуі үшін үлкен мәнге ие . Қайғы белгілі мағынада қайтыс болған адамына деген борышы болып табылады .Кейде жақын адамынан айырылу индивидке терең әсер етеді. Ондай күйініш жақындары баласы ата-анасы немес зайыбы қаза тапқанда минималды қауіп қатер орташа қауіп қатер және жоғарғы қауіп қатер.
Патологиялық симптомға қарай қайғыруды төмендегідей қарау қосылу типіне қарай әрекеті шеттетілуіне қарай әрекеті ыдырау типіндегі әрекет орнын уақытша басу әрекеті. Соңғы кезде Дж. В. Ворден тұжырымы кеңінен қолданылып жүр. Ол қайғыру реакциясын төрт міндетпен байланыстыра қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет