Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет8/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


4. Дәріс тақырыбы: Некеге тұру қатынасындағы дағдарыс
Дәріс жоспары:
1.Некеге тұру қатынасындағы дағдарыс.
2.Ерлі-зайыптылардың ата-ана рөлін меңгерудегі дағдарысы.
3.Ерлі-зайыптылардың қайта бірге қалуының феноменологиялық ерекшелігі.
Дәрістің мазмұны:
1.Некеге тұру қатынасындағы дағдарыс
Психоанализдің негізін салушы З. Фрейд некеге тұрудың себебін алғаш ойлағандардың бірі болды. Некеге тұрудың себебін алғаш ойлағандардың бірі болды. Некеге тұрудың механизміне түсінік беру үшін бірнеше тұжырымдаманың өмірге келуіне мүмкіндік туды.
Л.Я. Гозман (1987) «Эмоционалды қатынас психологиясы» еңбегінде атракция бір адамның екінші адамға жағымды сезімде болуы деп қарастырылған. Аттракция факторы жұпты: дене тартымдылығы және әлеуметтік демографияллық серіктестікте анықталады. Психоаналитикалық деңгеидегі неке тұжырымдамасы К. Хорнидің «Әйелдер психологиясы» еңбегінде талқыланып, некенің көпжақты мәселелері мен қақтығыстары, оның ерекшелігі жайлы айтылады. Хорнидің тұжырымдауынша, ол баладағы Эдип жағдайы, психологиялық түсінікте қарама-қарсы жыныстағы әке -шешеге деген махаббатына талпыныс. Карл Юнгтің психоаналитикалық неке концепцясы Хорниден тұлғааралық қатынас көзқарасында ерекшеленеді. Юнгтің кей ұқсас жерлерінде неке саналы және жекелік қатынаспсихологиялық, Хорниде орта жас дағдарысында ғана осындай болуы мүмкін. К. Роджерс гуманистік тұжырымдамасында неке барлық жағынан ұзақ уакыт бойы жүретін процесс, сондықтан ол жүйелі өсу мен дамудан тұрады. А. Адлер ерлі зайыптылардағы тұрақтылықты аға - қарындас модель жүйесінде өзара қатынас қажеттілігіне бағыттала құру идеясын ұсынды.
Шетел әлеуметтік психологиясында таңдамалы Р. Уинчаның теориясы «Қосымша қажеттілік» деп қарастырылса,Б.Мурстейннің «ынталандыру құндылық рөл» теориясы, Р.Сентерстің инструментальды теориясы, А.Керкагоффтың жане К.Дэвистың «фильтрлер» теориясы, А. Рэистің «сүйіспеншілік шеңберлігі теориясы» кең таралды.Р.Уинчанның «қосымша қажеттілік» теориясы бойынша, әрбір адам өзінің барлық қажеттілігінің қанағаттандыра алатын зайыбын табуға болады, бірақ бұл теория неліктен өз таңдауларын басқада тартымдырақ деп санайтындарын тек түсінуге әкеледі. Әлеуметтік мінез құлықпен психологиялық тұрғыда екі ғашық бір бірін толықтырып тұруы қажет. Осы теорияға сайкес, мысалы сабырлы және мінезі жұмсақ ер азамат өзіне тік мінезді және шабытты жар таңдайды. Р.Сентерстің инструментальды теориасы адамның бар қажеттілігі мен оны толықтырушы жақтың ұқсастықтарын қарастырған. Б.Мурсейннің «ынталандыру құндылық рөл» немесе «ауыстыру және максималды пайда» теориясы екі басты көрсеткішке негізделді . Алғашқыда серіктестер арасындағы өзара қатынас тұрақтылығы алмасудың тепе - теңдігінен алынады, «ынталандыру» кезеңі деп атайды. Екінші серіктестерде некеге тұруға жар таңдауы белгілі бір жүйелі кезеңнен өтеді, егер жағдайға сәйкес келмесе ойыннан шығып кетеді, оны «құндылықты салыстыру» кезеңі деп атайды. Егер бірінші және екінші кезең сәйкес келсе, онда үшінші рөлдік кезеңге өтетін болады.
Некеге тұрған кезеңнен бастап, жас отау иелері алдына бірнеше міндеттер қойылады: отбасы өміріне бейімделу және жаңа рөлді қабылдау. Сүйіспеншілік шарықтауында біреуі серіктесінің ырқына көндіге беріп, соған бейімделуге ниет білдіреді. Зерттеулердің көбінде неге апаратын мотив «сүйіспеншілік» болып табылады. Сүйіспеншілікке анықтама ретінде түсініктер көп, соның бәрі толық теорияны құрамайды, олар тек құрылымы мен түрлерін атап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет