Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет5/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


3. Дәріс тақырыбы: Отбасының қалыпты дағдарыстары
Дәріс жоспары:
1.Отбасы дағдарыстарына жалпы түсінік.
2.Отбасының қалыпты дағдарысы феномен ретінде.
Дәрістің мазмұны:
1. Отбасы дағдарысына жалпы түсінік
Отбасы дағдарысы- отбасының жүйелі қызметінде ескі мінез-құлықты қолдауынан және жаңа жағдайға икемделе, оны меңгере алмауынан туындайды. Отбасы дағдарысы төмендегідей қарастырылады:
1.Отбасы құрылымының бұзұлуы; Өмір сүруде қауіптілігі, оның мазмұны мен қатынасының істен шығуы.
2.Отбасы қызметінде жаңа кезеңге өту мүмкіндігінің қарастырылуы.
Отбасылық дағдарысысқа енжар қарау себебінен қазіргі таңда қоғамда жеке тұлға өзін толыққанды көрсетуден қашып, әлеуметтік ортада бөлектеніп жүретіні шындыққа айналған құбылыс.
Отбасы дағдарысына микрожүйе деңгейіне көзқарас білдірсек: отбасы құрылымдық жүйесінде рөлдердің өзгеруі, қақтығыстың шығуы, иерархияны бұзылуы үйлесімсіз әрекеттердің ұзақ уақытқа созылуынан (Н.В. Малярова, С. Картохвил, З. Розентал, М.Ж. Джеймс, В.А. Сысенко, Г. Натайтис) көрінеді.
Ал, отбасы дағдарысының макрожүйе деңгейінде көрінуі: отбасылық аңыздыңбелсенділенуі, тепе-теңдікте бола алмай, иеарархияның төңкерілуі , отбасы мүшелерінде ішкі және сытқы шекералардың, құрылымның жойылуы , әдет-ғұрыптардың бұзылып, отбасының қалыпты ескі нормаларының тиімсіздігі мен жаңа моделдің қалыптаспауы.
От басы дағдарысының мегажүйе деңгейінде көріну отбасының әлеуметтік ортадан шектелуі, оған бейімделе алмауы, қоршаған ортамен қақтығысы . Қазіргі таңда макро және мегажүйедегі отбасы дағдарысы кең көлемде орын алуда.
Дағдарыс процесі «кризис» грек тілінен аударғанда «шешім», «бұрылу нүктесі», қиналу, күрделі ауыспалы кезең, жүйеде тепе-теңдік жағдайдың бұзылуы деген мағынаны береді . Дағдарыс-эмоционалды және ақыл-ой жағдайындағы стресс, ол қысқа уақыт ішінде жеке тұлғаның әлем және өзі туралы мәнді өзгеріске келуін талап етеді.
«Дағдарыс»-өмірде кездесетін себепті және шұғыл күрделі жағдайға байланысты жеке адамдағы бедел өзгерісі.
Г. Перри тұжырымдамасында «дағдарыс» сөзін төтенше жағдайларда стресс тудыру немесе қажетті уақытта маңызды шешім шыру мезгілі деп анықтайды. Оныңпікірінше, дағдарыс құрамына жататындар: қобалжу, бастан кетпейтін ой, қашу, депрессия, ашу, кінә және ұялу. Сондай-ақ, кемсіту , қорлау және жоғалтудың болуы кез келген дағдарыстағы міндетті элемент. Бұл ұялу және кінәлау қадір-қасиетін қысым жасауды ауыстырады.
Дағдарыс процесі туралы өмірдегі құндылықты іске асыруда «төзе алмайтын жағдайлар» термині (Ф.Е. Василюк, Ю.С. Савенко ) анықтама ретінде ұсынылды. Дағдарыс процесі когнетивті, эмоционалды және мінез-құлықтық болып жеке тұлғаны психологиялық тұрғыда бейнелей отырып: стресс, фрустрация, психологиялық дағдарыс, ішкі тұлғалық қақтығысы, жағдайлы әрекет және эмоциялық тітіркенуде көрінеді.
Ал, Дж . Каплан дағдарыстың төрт кезеңін жүйелейді:
1.Мәселеге байланысты алғашқы қысымның өсуі, шешім шығару жағдайында оның ынталандырылмауы.
2.Алдағы уақытта қысымның өсуі , одан жағдайдың нәтижесіз көрінуі.
3.Қысымның күшейе отырып, ішкі және сыртқы жаңару көздерін, білімді талап етуі.
4.Мәселе деңгейінде жеке тұлғада даму жүйесінің бұзылуы – қобалжудың көтерілуіне, депрессияның айқындалуына , көмекпен үміт сезімі , алдағы кезеңде қолданылған әрекеттер пайдасыз болуына әкеліп соғады. Дағрарыс, егер де шешім шығарылатын болса, кез келген кезеңде аяқталуы мүмкін, оған қауіп жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет