Желілік деректерді моделдеу. Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі
ұғымдардағы (деңгей, түйін, байланыс) әр элемент кез-келген басқа элементпен
байланыста бола алады. Иерархиялық модельдің жақсартылған түрі болып табылатын
желілік модель көп қолданушылық режимде құрылатын модель. Деректерді желілік ұсыну
элементарлы мәліметтер және олардың арасындағы қатынастар бағытталған желі түрінде
көрсетіледі (төбелері – мәліметтер, доғалар - қатынастар). Мысалы, деректер базасында
тапсырыстарды сақтауға арналған бір тапсырыс әртүрлі үш байланысқа қатынаса алады.
2-сурет. Желілік құрылымды деректер базасының бейнеленуі
Реляциялық деректерді моделдеу. Иерархиялық және желілік модельдердің
жетіспеушіліктері деректердің реляциялық моделінің пайда болуына әкелді. Реляциялық
модель әрекеті деректер базасының құрылымын оңайлатты. Мұндағы барлық мәліметтер
жолдар мен бағандардан құралған қарапайым кесте түрінде көрсетілген.
Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің
маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға
ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл модельде қатынастардың және деректерді
өңдеуде реляциялық есептеулердің формальды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі
бар.
Реляциялық модель деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға
бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына
қасиеттерге ие болады:
- кестенің әр элементі деректердің бір элементі;
- кестедегі бағандардың барлығы біркелкі, яғни бағандағы барлық элементтер бір
типке (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;
- әр бағанның өзіне тән аты бар;
- кестеде бірдей жолдар жоқ;
- кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі.
Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар мен кортеж немесе жазба деп,
ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп аталады. Бір мәні жазбаны
анықтайтын өрісті – қарапайым кілт (кілттік өріс) деп атайды. Егер жазбалар бірнеше
өрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды кілті бар деп есептеледі. Екі
реляциялық кестені ұйымдастыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілтінің
Роза
Асем
Қалам
#11296
Клиенттер
Қызметкерлер
Товарлар
Тапсырыстар
құрамына енгізу керек (кілттер бір-бірін қайталуы мүмкін). Басқа жағдайда бірінші
кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті
болады.