Дәріс Мәліметтердің стандартты типтері



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі23.35 Kb.
#463075
1   2   3
Дәріс 3. Мәліметтердің стандартты типтері

    Бұл бет үшін навигация:
  • define
Типі <айнымалылар_тізімі>;
Бұл жариялауда: типі – бар болатын типтердің біреуі<айнымалылар_тізімі>  жалғыз немесе үтірлермен бөлінген бірнеше айнымалылардан тұрады. Мысалы;
int x, e, z;
float radius;
long double integral;
Айнымалыны жариялаумен бірге оларға мәндерді меншіктеуге яғни инициализациялауға болады. Айнымалыға бастапқы мәндерді меншіктеу инициализациялау деп аталады. Мысалы,
int min=15; float p1=1.35;
Егер де айнымалы функциялардан тыс, соның ішінде main () функциясында, жарияланса, ол ауқымды болады. Мұндай айнымалыны бағдарламаның кез-келген жерінде қолдануға болады (ауқымды статикалық айнымалылардан басқа), ал бағдарлама жұмысқа қосылған кезде оған нөлдік мән меншіктеледі. Функция денесінің ішінде (бір блогында) жарияланған айнымалы жергілікті болып табылады және тек осы блок ішінде қолданылады. Блоктан тыс ол белгісіз. Келесіні еске сақтау қажет:
- екі ауқымды айнымалының аттары бірдей болмауы керек;
- бірдей емес функциялардың жергілікті айнымалыларының аттары бірдей болуы мүмкін;
- бір блоктың екі жергілікті айнымалыларының бірдей аттары болмауы керек.
Бағдарламалау тілдерде мәліметтер тұрақтылар түрінде көрсетілуі мүмкін. Кейбір айнымалының мәнін бағдарламада өзгертуге болмаса тұрақтылар қолданылады. Тұрақтыны анықтау үшін әдетте мәтіндік ауыстыруды орындайтын #define қызмет сөзін қолдануға болады. Мысалы,
#define StudentsOfGroup 15
Мысалда StudentsOfGroup тұрақтының белгілі мәні жоқ, препроцессор осы атты кездескен сайын оны 15 литералға алмастырады. Препроцессор компилятордан бұрын жұмысқа қосылатын болғандықтан, компилятор тұрақтыны көрмейді, тек 15 санын көреді.
Тұрақтыны анықтаудың ең ыңғайлы жолы келесі:
const типі тұрақты _аты = тұрақты _мәні;
Бұл әдіс қателерді қақпайлайды және бағдарламаның жанамалауын жеңілдетеді. Тұрақтыны жариялауда оның типі орнатылады, сондықтан компилятор оның айтылған типі бойынша қолдануын аңдыйды. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет