const int Diapazon=20;
Тікелей бағдарлама мәтініне енгізілетін мәндер литералдық тұрақтылар (литералдар) болып табылады. Компиляциядан кейін литералдардың мәндерін өзгертуге болмайды, сондықтан оларды да тұрақтылар деп атайды. Мысалы,
int MyAge=19; өрнекте MyAge аты int типті айнымалы болады, ал 19 саны – литералды тұрақты, оған ешқандай басқа мәнді меншіктеуге болмайды.
Символдық тұрақты апострофтар (жалғыз тырнақшалар) ішіндегі жалғыз символдан тұрады: ‘q’, ‘2’, ‘$’. Мысалы,
const char month=’December’;
Символдық тұрақтыларға арнайы символдар қатысады (соның ішінде тізімі А1-кестеде келтірілген басқару символдары).
Жолдық тұрақтылар тырнақшаға алынған, нөлдік байтпен аяқталатын, ASCII шарттаңба символдарының тізбектерінен тұрады. Символдық жолдың соңы (нөлдік байт) NULL ('\0') символымен белгіленеді.
Санап шығу тұрақтылар мәліметтердің жаңа типтерін жасауға, содан кейін мәндері тұрақты мәндерінің жиындарымен шектелген мәндері бар осы типті айнымалыларды анықтауға мүмкіндік береді. Санап шығу тұрақтыны жасау үшін enum қызмет сөзі қолданылады, ал жазбаның түрі келесідей болады
enum тұрақты_аты {тұрақтының_мәндер_тізімі};
Тұрақтылардың мәндері мәндер тізімінде үтірмен бөлінеді. Мысалы,
enum COLOR {RED, BLUE, GREEN, WHITE, BLACK};
Санап шығу тұрақтының әр элементіне белгілі мән сәйкес болады. Үнсіз келісім бойынша бірінші элементтің мәні 0 болады, ал әрбір келесі элемент бірге көп. Тұрақтының әр элементіне кез-келген мәнді меншіктеуге болады, онда келесілердің мәндері алдыңғы элементтің мәнінен бірге көп болады. Мысалы,
enum COLOR {RED=100, BLUE, GREEN=200, WHITE=300, BLACK};
Бұл мысалда RED=100, BLUE=101, GREEN=200, WHITE=300, BLACK=301 болады.
Суффикстер көмегімен тұрақтылардың типтерін ашық беру механизмі бар. Бүтін типті тұрақтылар үшін суффикстер ретінде u, l, h, L, H, ал орнын өзгертетін нүктесі бар сандар үшін - l, L, f, F әріптерін қолдануға болады. Мысалы,
12h 34H - short int
23L -273l - long int
23.4f 67.7E-24F - float
89uL 89Lu 89ul 89 LU - unsigned short
Достарыңызбен бөлісу: |