«Өнер, білім оқып біл» өлеңі.
Өнер, білім оқып біл,
Өнер алды қызыл тіл,
Оқып алса керек сөз,
Алтынға құйған бал мен тең,-
деп, өнер,білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, аянбай еңбектенуі керек екенін ескертеді. Ал білімсіздік надандыққа, жөн білместікке апарар тегіс жол деп, барлық жөнсіздік пен жүгенсіздік надандықтан туындайтынын айтады.
Адам жаратылысында бірдей болып тумайды, әр адам өзіне ғана тән қасиет, қабілеттерімен ерекшеленеді , оның бірі дана ,бірі залым боп өмірден алған бағытына қарай қалыптасатыны осыған байланысты деп түсінеді.
3.«Еспембет »дастанының фольклорлық сипаты,композициясы ,тілі.
«Еспембет» Дулат шығармаларының ең бір биік бәйтерегі ,бәйтеректің шыңы іспеттес.Бұл шығарма қазақ әдебиеті тарихында елеулі орын алатын қысқа сюжетке құрылған дастан.Сонымен қатар,патриоттық маңызы зор, батырлар жыры үлгісінде жазылған.Бұл жырлардың басым бөлігі-Отанды сүю,басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған.Олай болса, Еспембет дастаны да осындай мақсатпен жазылған шығармалардың қатарынан орын алады.Жалпы халықтық батырлар жырында оқиғаның басталуы әр түрлі болып келеді.Кейбір жырлар кейіпкерлердің дүниеге келмей тұрған шағынан суреттейтін болса,енді бірде батырлардың іс-әрекетке көшуінен басталады.Ал «Еспембет» дастанында басты кейіпкердің ер жетіп,есейген кезінен,содан былайғы ерлік істерін сипаттаудан басталған.Шарықтау шегіде ,шешуі де шебер құрылған.Өзінің айтпақ болған идеясына лайықты және шарықтау шегінің жеткен жерінде оқиға тез аяқталады.Мысалы:«Бәрін айт та ,бірін айт, Еспембеттей ер қай Еспембеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» дей отырып,елін қорғап ел үшін жауына оқ ататын батыр туса,елге қорған ер туса деген арманмен аяқталады. Дулат Еспембеттің ел қорғаудағы ісін жастарға үлгі етеді,келешек ұрпақты өз елін,туған жерін ,отанын сүюге,қорғауға, адал халқына қызмет етуге шақырады.Поэма 4 бөлімнен тұрады.1-ші бөлім- «Беташар»-6 жол,2-ші бөлім - «Таныстыру»-38 жол,3-ші бөлім-Нағашы жұртында»-187 жол,4-ші бөлім - «Туған елде», «Соғыс»-315 жол. Бірінші кіріспе бөлімінде:
«Тіл біткенннің шешені,а
Топта бермес есені а
Үлгі айтса көшелі
Жауға шапса көсемі. а
Ұйқасы -а,-а, -а,-а үлгісінде берілген,бірыңғай 7 буынды болып келеді.
Таныстыру орнындағы 2-ші бөлімінде -7 шумақтан ,38 тармақтан тұрады. 1-ші шумақ 6- жол,2-ші шумақ -4 жол,3-ші шумақ -9 жол,4-ші шумақ -7 жол,5-7 шумақ -4 жол.Кезекті ұйқасқа құрылған.
Нағашысы уақта, а
Ер Қосайдай ер өткен.б
Жетім қалып Еспембет в
Қолында соның ер жеткен. б
Еспембет дастанының композициялық құрылымындағы үлкен ерекшелік-ақын шығарманы шумаққа құрылған өлең жолдарымен беруді мақсат еткен.Негізгі басым шумақ түрі -төрт жолды шумақ.103 шумақтың 53 шумағы 4 жолды болып келген.Сонымен қатар 7-8 буынды ,2-3 бунақтан құралып,ұйқастың басым бөлігін қамтыған. Дастанның екінші ерекшелігі тілінде.Дулат қазақтың тіл байлығын өте жақсы меңгерген.оның сөздері мағыналығы ,өте терең, әрі көркем. Дулат өлеңдерінің тілі таза,көркем де шешен.Ол,ол ма әдебиеттің көркемдегіш құралдарын (теңеу,метонимия,метафора,эпитет, қайталау,арнау т.б) өте шебер қолданған.
«Еспембет» дастанында көңіл аударатын және бір қызық қолданыс-теңеу түрін пайдалануы.Шығармада теңеу сөздер әрі көлемі жағынан ,әрі түрі жағынан көп. Мысалы:
Нағашысы уақта
Ер Қосайдай ер өткен
Жетім қалып Еспембет
Қолында соның ер жеткен.
Шығармада екінші образ-Қосай.Дулат Қосайды жасы тоқсанға келіп ,туғаннан түскен батырдың бейнесінде сомдайды,яғни «ерге» теңейді.Сонымен қатар,қалмақтың батырын бейнелегенде Дулат талай теңеулерді орынды қолданған. Бізге белгілі теңеу поэтикалық тілдің ең бай түрі.Дулат дастанында теңеудің жиырмаға жуығы кездеседі. «Еспембет» дастанындағы теңеулер -тай,-тей,-дай,-дей, -ша,-ше жұрнақтары арқылы жасалған. Шығармада метафоралық мағынада жұмсалған сөздер біршама.Дулатта метафораның тәуелдік жалғаулар арқылы жасалған түрі кездеседі. «Бақ құсы қонып басына, Еспембет келді еліне» Сонымен бірге, бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы жасалған эпитеттік метафораны кездестіреміз.
«Жөңкерілген қалың қол
Жүйткіген желге ұқсайды
Көрінісі кей кезде
Толқыған көлге ұқсайды;
Мұнар түнеп, бұлт көшке
Асқар белге ұқсайды;
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып,тау бұзған
Аққан селге ұқсайды».
Мұнда қалың қосты «желге», «көлге», «белге», «селге»,қысқасы,бірнеше нәрсеге балап тұр.Дастанның ерекшелігі тек батырдың жеке тұлғасын суреттеп қоймай, сонымен бірге халық бейнесін қоса суреттеуде.Үлкен шабытпен жырлау Дулат толғауларының ерекшелігі.
Метафораның үшінші түрі «бейне» деген сөздің көмегімен жасалған.
«Сыр бермейді сырттансып,
Кежегесі тартып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |