Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнайы жабдықталған орын жайларда/ жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейнелесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан, ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемеларын шешуге сирек қолданылады. Экспирементті жүргізер алдында екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы.
Дегенмен басқа әдістен өзгешілігі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге де мүмкіндік береді.
Табиғи экспримент ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекетінің табиғи жағдайларында тұрған балалардың психикалық зерттеу жүргізілуін білмеуін ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Бірақ бұл жерде эмоциональдық ынта- зейіннің теріс әсері мен жауапты реакцияның ниеттілігі жоқ. Табиғи экспиремент табиғи жағдайда, зерттеушілер оған еңгенін білмеуі керек, зерттеуші өзі тәрбиеші рөлін атқарып бақылау жасырын жүргізіледі. Балалар білмейді.
Модельдеуші экспиремент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы түсіндіреді. Экспериментті жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді/ модельдейді/: Эмоциональды немесе эстетикалық әсерленушілік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер сондай- ақ аталған процесте аса қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.
Эксперимент ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы экспиремент жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |