Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет1/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Дәріс сабақтарының конспектілері


1,2 ДӘРІС
Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері.

Ғылым – табиғат, қоғам және таным туралы жаңа білім алудағы зерттеу нысаны. Зерттелетін материалдық нысанға байланысты ғылымды жаратылыстану, техникалық және қоғамдық деп бөледі. Дегенмен бір объекті əртүрлі ғылымның зерттеу құралы болуы мүмкін, мысалы, тірі организм биологияның, химияның, физика мен кибернетиканың зерттеу құралы бола алады.


Ғылымды əртүрлі өлшемде қарастыруға болады:
1) қоғамдық ой сананың арнаулы формасы ретінде, оның негізін білім жүйесі
құрайды;
2) объективті əлемнің заңдылығын тану процесі ретінде;
3) еңбекті қоғамдық бөлудің белгілі түрі ретінде;
4) қоғамдық дамудың негізі факторы жəне білім мен оны қолдану өндірісінің
процесі ретінде.
Барлық білімді ғылым деп қарастыруға болмайды. Қарапайым бақылауға негізделген білімді ғылыми деп санауға болмайды. Бұл білім адам өмірінде маңызды рол атқаруы мүмкін, бірақ ол құбылыс мəнін ашпайды, яғни бұлқұбылыс неге олай өтеді неге басқаша өтпейді, одан ары қалай дамиды дегендей олардың өзара байланысын ашып көрсете алмайды.
Ғылыми білімнің дұрыстығы тек логикамен ғана емес, ең алдымен оның практикадағы міндетті тексерілуімен анықталады. Ғылым нақтылықтың заңды байланысын шешеді жəне оны абстрактылы түсінігі мен кескінінде көрсетеді, ол осы нақтылыққа қатаң сай келеді.
Ғылым барлық табиғи құбылыстардың, қоғам мен ойлаудың маңызды жағын тікелей көрсету үшін құрылған. Ғылымның мақсаты – табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын тану жəне қоғамға пайдалы нəтижелер алу үшін білімді қолдану негізінде əсер ету. Қазірше сəйкесті заңдылықтар ашылмағандықтан адам тек құбылысты суреттеуге, жинауға, фактілерді жүйелей алады, бірақ ол түсіндірмейді жəне алдын ала болжай алмайды.
Ғылым дамуы факторлар жинаудан келе жатыр, оларды оқу мен жүйелеу, жинастыру мен белгілі фактілерді түсіндіріп, жаңасын болжап, логикалық қалыптасқан ғылыми білімдер жүйесінің жекелеген заңдылықтарын ашу. Таным жолы тірі дамудан абстрактілі ойлауға жəне соңғысының практикаға өтуімен анықталады. Таным процесіне фактілер жиналуы кіреді. Фактілерді жүйелемей, жинамай, логикалық ойластырмай ешқандай да ғылым бола алмайды. Фактілер жүйеленген, жиналған түрінде ғылыми білімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Фактілерді қарапайым абстракция көмегімен жинап, жүйелеу ғылымның маңызды құрылымдық элементі болып табылады. маңызды кең таралған түсінік категория деп аталады. Бұл жалпы абстракция. Категорияға құбылыс мазмұны мен формасы туралы философиялық түсінік, теориялық экономияға – тауар құны мен т.б. жатады.
Білімнің маңызды формасы – принциптер (постулаттар), аксиомалар. Принцип дегеніміз қандай да бір ғылым саласының бастапқы жағдайы деп түсінеміз. Олар білімді жүйелеудің бастапқы формасы болып (евклидті геометрия аксиомасы, квантты механикадағы Бор постулаты).
Ғылыми білім жүйесіндегі маңызды құрамдас тізбек онда біршама маңызды, тұрақты, қоғам мен ойлау, табиғаттағы ішкі байланыстарды объективті қайталанатын ғылыми заңдылықтар болып табылады. Көп жағдайдасе заңдар түсініктер, категориялардың белгілі қатынасының формасында көрінеді. Білімді жинау мен жүйелеудің маңызды жоғары формасы теория болып табылады. Теория дегеніміз тəжірибені жинақтау, онда ғылыми принциптер мен əдістерді қалыптастыру, онда маңызды процестер мен құбылыстарды тану, оларға əртүрлі факторлардың əсерін талдау мен адамдардың практикалық əрекетінде қолдану бойынша ұсыныстар ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет