Кешенді проблема - проблемалардың бір түйінге жиналуы. Проблема – қоғамда қордаланып қалған күрделі теориялық жәнепрактикалық есептердің жиынтығы. Проблема - глобалды, ұлттық, региональды, сала аралық болып бөлінеді. Мысалы: қоршаған ортаны қорғау проблемасы глобалды, себебі оның шешімі бүкіл адамзат қажеттілігіне байланысты. Арнайы (спецификалық) проблемалар арнайы өндіріске байланысты. Мысалы: автомобиль өндірісінде жанармай үнемдеу және жаңа жағдайлар табу проблемасы бар. Проблема дегеніміз күрделі ғылыми мақсат, оған зерттеудің біршама аумағы кіреді және перспективалық маңызы зор. Мұндай мақстаррадың тиімділігі мен экономикалық тиімділігін кейде жобалап қана анықтайды. Проблема бірқатар тақырыптардан тұрады.
Ғылыми зерттеулер тақырыбы - проблеманың құрамына жатады. Тақырыпты зерттеу нәтижесінде бірқатар ғылыми сұрақтарға жауап алуға, жауаптардан ғылыми проблеманың шешімін табуға болады.Тақырып – белгілі бір ғылыми зертеу аумағын қамтитын ғылыми мақсат. Ол көптеген зерттеу сұрақтарына базаланған.
Ғылыми сұрақтар дегеніміз ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты майда ғылыми есептер. Осы мақсаттарды шешу нəтижесінде тек теориялық қана емес ең бастысы практикалық мəнін де соған қарай күткен экономикалық тиімділікті орнатуға болады. Осы есептерді шешу нəтижесі тек теориялық қана емес практикалық маңызы зор, себебі күтілген экономикалық тиімділікті салыстырмалы түрде нақты орнатуға болады.
Тақырыпты немесе сұрақты талдағанда зертеуге нақты мақсат қойылады – жаңа конструкция, прогрессивті технология, жаңа методика талдау сияқты. Тақырып жаңа мақсатты шешуі керек. Бұл деген тақырып мұндай жағдайда талданбаған қазіргі кезде де талданбайды яғни қайталану болмайды деген сөз.
Қайталау тек қысқа мерзімде маңызды проблеманы шешу мақсатында екі жарысатын коллективтің біркелкі тақырып талданады.
Ғылыми жəне инженерлік зерттеулер арасындағы грань əр жыл сайын жойылып бара жатыр. Дегенмен тақырыпты таңдағанда инженерлік емес ғылыми болуы керек, яғни принципиалды жаңа болғаны дұрыс. Егер жаңа есеп талданса да осы ашық заңның негізінде бұл аумақ инженерлік-экономикалық ғылыми емес. Сондықтан ғылыми мақсатты инженерлік-экономикалықтан бөліп қарау керек. Барлық белгілі заттар ғылыми зерттеу құралы болмайды.
Тақырып экономикалық тиімді жəне маңызы зор болуы керек. Кез келген қолданбалы зерттеу халық шаруашылығында экономикалық тиімді болуы керек. Бұл маңызды талаптың бірі.
Тақырыпты таңдау сатысында ережеге сай күтілген экономикалық тиімділік жобамен анықталуы жөн. Кейде экономикалық тиімділікті бастапқы сатысында орнату мүмкін емес. Мұндай жағдайда тиімділікті жобалы бағалау үшін аналогтарын қолдану керек (тақырып аталуы мен талдануы бойынша).
Тақырыптың маңызды сипаты оның жүзеге асырылуы жəне енгізілуі. Тақырыпты талдағанда жоспарланған мерзімде оның аяқталу мүмкіндігі мен тапсырушының өндірістік жағдайына енгізуді бағалау керек. Дегенмен ғылым мен техника қарыштап дамығанда тақырыптың ұзақмерзімді актуалдығы мен экономикалығы кейде нашар жағына өзгереді, ал ҒЗЖ орындауға шығын өсті. Сонда тақырыпты таңдағанда маңызды критерийі оның перспективалығы сəйкесті тұрақтылығы болады. Тақырып перспективалығын бағалау үшін екі əдісті қолданады – математикалық жəне эксперттік бағалау қолданады. Математикалық əдіс зерттеу перспективалығын анықтайтын əртүрлі көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Қолданбалы тақырыптарда көбінше перспективалық көрсеткішті Кп қолданады, оның негізіне экономикалық көрсеткіш жатады. Соңғы жылдары бұл əдістің маңызы сол эксперттік бағалау əдісін кең қолдануда. əр экспертке бағалаушы баллдың шкала беріледі, соның көмегімен тақырып бойынша баллдар орнатылады.