Дәріс Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар



бет12/38
Дата09.03.2023
өлшемі3.17 Mb.
#470578
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
3 дәріс

Сорғылардың қолданылу салалары.
Халық шаруашылығында ең көп, жиі қолданылатын сығымдағыштар -қалақты машиналар. Газ ағызатын қалақты машиналардың берісі 1000000м3/сағ., сұйықтарды ағызатын қалақты машиналардың берісі 100 000 м3/сағ., тегеуріні 2500 м. су бағанасына дейін жетеді.
Жылу энергетикасындағы қазандық қондырғыларды қоректендіруде, конденсаторларға салқындатушы су, жылуландыру жүйесіне желілік су беруде және конденсаттарды ағызуда ортадан тепкіш сорғылар өте кең қолданылады. Қазандық қондырғылардың түтін сорғыштары мен үрлеуші желдеткіштері ретінде жоғары берісті ортадан тепкіш желдеткіштер қолданылады. Соңғы уақытта қазандықтардың өнімділігінің артуына.

1.3-сурет. Эрлифттің жұмыс қағидасы

Байланысты өстік сорып-үрлеуші қондырғылар пайдаланыла бастады. Бу өнімі аз қазандықтарда және қазандық суға қосатын ерітінділердің дәл мөлшерлерін беру үшін көлемді поршенді сорғылар, ал турбиналар мен үлкен сорғылардыњ, қысымдағыштардыњ майлау және реттеу жүйелерінде роторлы сорғылар қолданылады. Ағындық сорғылар бу турбинасы конденсаторын ауадан тазарту үшін және абоненттерді жылулату нүктелеріндегі тура және кері суларды араластырғыштар ретінде қолданылады. Поршенді қысымдағыштар қазандық қондырғылардың қыздыру беттерін үрлеп тазарту үшін, сондай-ақ әр түрлі мақсаттарда қажет жоғары қысымды ауа алу үшін қолданылады. Газ турбиналы қондырғыларда және көп берісті газды сығу үшін өстік қысымдағыштар қолданылады. Соңғы кезде өнеркәсіптік жылу энергетикасындағы жоғары берістерді іске асыруда өстік сорғылар да қолданыла бастады. Жылу электр станциясында қазбалау скважинасынан суды көтеру үшін немесе резервті сумен жабдықтау үшін кейде эрлифттер пайдаланылады.


Ортадан тепкіш сорғылардың құбырлар жүйесінде қатарласа және тізбектеле жұмыс істеуі.
Сорғылық қондырғылар (СҚ) көбіне айнымалы шығым графигі бойынша жұмыс істейді. Егер жүйеде шығым жинайтын сыйымдылық (шығым қоры) болмаса, сорғылық қондырғы кез келген уақытта керекті шығымды жүйеге беріп тұруы тиіс, демек шығым Qmin/Qmax диапазонында өзгеруі қажет. Ал сорғылық қондырғы бір ғана сорғыдан тұрса, онда ол сорғы өте кең аралықта (Qmin/Qmax) реттеулі тиіс. Бірақ мұндай терең реттелу барысында сорғының ПӘК-і шектен тыс азайып кетуі мүмкін. Екіншіден, мұндай қондырғыда сенімділік тұрғысынан қарағанда тағы бір дәл сондай сорғы болуы тиіс -бұл резерв шамасы 100% деген сөз.
Сорғылық қондырғыда екі сорғы болса, қондырғының тиімділігі артып, резерв шамасы 50% болады. Сондықтан СҚ әдетте екі немесе одан да артық қатарлас немесе тізбектеле қосылған сорғылардан тұрады.
H Біріне бірі жақын орналасып қатарласа қосылған екі бірдей сорғының жұмысын қарастырайық.
Салыстыру жазықтығы ретінде төмендегі 1-1 деңгейін алып және жылдамдық тегеурінін ескермесек, С нүктесіндегі толық тегеурін мынаған тең болады
.
“а” және “б” сорғыларының С нүктесіне келтірілген тегеуріндерін табайық.
“а” сорғысының тегеуріні сұйықты zс биіктігіне көтеруге, С нүктесінде пьезометрлік тегеурінін жасауға және АС аралығындағы гидравликалық кедергіні һАС жеңіп шығуға жұмсалады

Немесе ескерсек



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет