Дәріс Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар



бет26/38
Дата09.03.2023
өлшемі3.17 Mb.
#470578
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
3 дәріс

Барабанды сүзгілер. Химия өндірісінде барабанды вакуум сүзгілер жиі қолданылады. Бұл сүзгі үздіксіз жұмыс істейді және мұндағы сүзіндінің қозғалысы мен оның ауырлық күшінің бағыттары бір-біріне қарама қарсы.
Сүзгiнiң негiзгi бөлігi -цилиндрi тор тесiктi барабан , ал оның сырты металды тор және сүзгi бөгетiмен қапталады. Барабан бетiнiң 0,30,4 бөлiгi суспензия толтыылға астауға батырылады. Барабан минутына 0,12,6 рет өзiнiң өсi бойынша айналады. Суспензиядан астаудың түбiне тұнба жиналмауы үшiн астаудың iшiне тербелмелi араластырғыш орнатылған. Барабанның бетi бiр-бiрiмен қатынаспайтын көптеген секторларға бөлiнген. Әрбiр сектор түтiк арқылы таратқыш құрылғының қозғалмайтын бөлiгiнiң әртүрлi қуыстарымен қосылған.
Сүзу кезiнде астаудағы суспензиямен жанасатын сектор түтiк арқылы вакууммен қосылған қуыспен жалғасады. Бұл кезде сүзiндi түтiк және қуыс арқылы жинағышқа берiледi, ал сектордың бетiнде тұнба пайда болады.
Тұнбаны алғашқы құрғатқанда сектор осы қуыстан ажыратылмайды да, вакуумның әсерiмен атмосфералық ауа тұнбаның кеуектерiндегi сұйық фазаны сүзiндiмен бiрге сорып шығарады.
Тұнбаны жуғанда сектор түтiк арқылы вакууммен жалғасқан қуыспен қосылады. Шашыратқыш құрылғымен берiлген жуатын сұйық түтiк және қуыс арқылы басқа жинағышқа берiледi.
Тұнбаны екiншi рет құрғатқанда, тұнба атмосфералық ауамен жанасады, ал сектор сол қуыстан ажыратылмайды.Сондықтан жуатын сұйық тұнба кеуектерiнен шығарылып, жинағышқа берiледi. Тұнбаны жуған кезде ол жарылып кетпеу үшiн оның бетiмен бағыттаушы ролик жәрдемiмен шексiз лента жылжиды.
Тұнба түсiруде сектор түтiк арқылы сығылған ауамен жалғасатын қуыспен қосылады. Сығылған ауа әсерiнен тұнба қопсытылып, матадан пышақпен ажыратылып түсiрiледi.
Матаның кеуектерiн тазалау үшiн қуыспен түтiк арқылы сүзiндi бағытына қарама-қарсы сығылған ауа берiледi.
Тартқыш құрылғы айналатын және қозғалмайтын екi тегергiштен (дискiден) құралған. Айналатын тегерiш бiрнеше тесiктер болып, олардың әрбiр тесiгi тегерiш айналғанда бiрiнен кейiн бiрi кезектесiп қозғалмайтын тегерiштiң тесiктерiмен жалғасады.
Барабанды вакуум сүзгiлердiң сүзу бетi 1 ден 40 м2-ге дейiн, диаметрi 13 м, ұзындығы 0,354 м дейiн болады.
Артықшылықтары:
1) әртүрлi суспензияларды ажыратуға болады;
2) химиялық активтi ортаға берiк материалдардан жасауға болады;
3) пайдаланудың оңайлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет