Өте ұсақ және коллоиді ұнтақтауға арналған машиналар
Вибрациялық диірмендер. Бөлшектердің бастапшы өлшемдері 1-2 мм, соңғысы – 1-5 мкм. Диірменнің қозғалу жиілігі 1500-3000 қоз./мин. Вибрациялық диірмен горизонталды орналасатын цилиндр түрде, оның ішкі көлемін 30%-ға дейін шарлармен немесе стерженьдермен толтырады. Осы диәрмендер тек құрғақ заттарды емес, сонымен бірге ылғалды материалдарды ұнтақтайды. Артықшылығы – дисперстіктің жоғары дәрежесі. Кемшілік - өнімділігі төмен және шарлар мен стерженьдердің тез тозуы. Корпус салқындататын суды беруге арналған «бу көйлегімен» қамтамасыз етіледі. Ұнтақтау дәрежесі 1000 тең.
Ұнтақталған заттарды бөлу
Затты фракцияларға бөлу келесі тәсілдерімен орындалуы мүмкін:
Механикалық бөлу (елеуіштердің көмегімен).
Гидравликалық бөлу (бөлшектерді сұйық ортада тұну жылдамдығына тәуелді бөлу).
Пневматикалық (ауа немесе газ ағынында бөлшектердің салмағына тәуелді бөлу).
Ұнтақталған заттарды араластыру
Араластыру – бір немесе бірнеше заттардың бөлшектерінің массада біркелкі таралуын қамтамасыз етеін процесс, сондықтан өте жауапты операция болып саналады. Дәрілік заттың массада біркелкі таралуы оның дәл дозалануына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе күшті әсер ететін заттармен дәрілерді дайындағанда өте маңызды болады.
Материалдардың араласу сапасы келесіге тәуелді.Бөлшектердің пішініне (формасына), физико-химиялық қасиеттеріне, тығыздығына, сусымалдылығына, үйкеліс коэффициентіне, ылғалдылығына және т.б. Араластырғыш аппараттың түріне, құрылысына, көлеміне, тиеуші және шығарушы қондырғылардың орналасуына және т.б. Массаның әр компонеттінің араластыру жағдайларына, аппарат пен қоспан көлемдерінің қатынасына, араластыратын компонентерді аппарат ішіне салу тәсіліне, кезектігіне және жылдамдығына.
Араластырғыштар машиналар -сусымалды немесе ылғалды заттардың бір бірінде біркелкі таралуын қамтамасыз ететін аппараттар
Араластырғыш машиналар үздікті, жартылай үздікті және үздіксіз істетін қондырғылар.
Конструкция бойынша олар келесіге бөлінеді:
-Айналмалы корпусымен;
-Айналмалы қалақшаларымен;
-Жалған қайнау қабатта араластыратын;
-Ортадан тепкіш күшпен істейтін.
Достарыңызбен бөлісу: |