Дәріс сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз



бет4/19
Дата04.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Д ріс с йы ты тарды жылжыту. Сор ыларды р т рлі т рлері ж не о

Жылдам жүрістілік коэффициентіне байланысты қалақшалы сорғыштарды келесі түрде жіктеуге болады.
Теориялық сипаттамасы ортадан тепкіш сорғыштың жұмыс кезіндегі құбылысқа ешқандай әсер етпейді. Сондықтан, сорғыштың негізгі параметрлері арасындағы өзара байланысты құру үшін, сорғыштарды таңдаған кезде негізгі болып саналатын нақты сипаттамасын тұрғызады. Тегеурін мен секундтық беріліс арасындағы байланыс негізгі сипаттама болады, осыған байланысты басты жұмысшы сипаттама деп аталады.
Сорғыштың жұмыс режимдерін анықтау (сорғыш таңдау) үшін сорғыш сипаттамасы мен сорғыш жұмыс істейтін жүйе сипаттамасын бір масштабпен, бір графикте орналастырады. Көрсетілген екі сипаттаманың қиылысу нүктесі жұмысшы нүкте деп аталады және сорғыштың нақты жұмысшы шарттарына жауап береді. Бұған, сорғыш сипаттамасын өзгерту (пропорцинальдық заң бойынша айналыс санын есептеу параметрін өзгерту жолымен) немесе сорғышты қондырғылар сипаттамасын өзгерту нәтижесінде (дросселдеу) жетуге болады.
Сорғышты қондырғылар.
Үрлеу желісіндегі ортадан тепкіш сорғыштар іс жүзінде шексіз теориялық тегеурін туғызуы мүмкін.
Бірақ сорудың геометриялық биіктігі – қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейіне сорғыштың орналастыру биіктігі, оның мәні сору жағындағы сорғыштың жұмысшы шарттарымен шектелген және көптеген факторларға байланысты болады.
Сору биіктігін анықтағанда - қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейіне сорғыштың орналасу биіктігін ескеру керек, оның мәні сору жағында қатаң шектелген және көптеген факторларға байланысты болады.
Сорғыштың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сорғышқа кірердегі қысым берілген температурада сұйықты сору кезіндегі буға айналу қысымынан көп болуы керек. Егер осы шарт орындалмаса. Кавитация құбылысы пайда болады.
Мұндай процесс сорғыштың қысым аз болатын аймағында – жұмысшы доңғалаққа сұйыққа енуі кезінде жиі кездеседі. Осыны ескеріп, мүмкін болатын сору биіктігі келесі қатынас арқылы анықталады
,
мұнда - қаныққан бу қысымы;
- сорғыш құбырөткізгіштегі тегеурін шығыны;
- Руднев формуласы бойынша анықталатын кавитация коэффициенті.



Сорғыштардың нақты сипаттамалары берілген параметрлермен жұмыс істейтін, ортадан тепкіш сорғыштарды таңдаған кезде пайдаланады. Сорғыштарды таңдағанда олардың өндіріс шарттарына сай, мүмкін болатын ауытқу және тегеурінді ескеріп жұмыс істеуі керек.
Сорғыштарды таңдағанда олардың жұмысшы сипаттамаларын пайдалану керек, және сорғыштардың параметрлері, яғни, беріліс және тегеурін және олар қызмет көрсететін жүйе арасындағы өзара байланысты білу керек. Сорғыштардың басты жұмысшы сипаттамасы .



Сорғыштағы мұндай тегеурін жүйеге тәуелсіз пайда болуы мүмкін емес, автоматты түрде жүйедегі барлық энергия шығындарын жабуға арналған шамаға тең болып тағайындалады.
Екі сипаттаманың қиылысу нүктесін («а» нүктесі) берілген жүйеде жұмыс істейтін сорғыштың жұмысшы нүктесі деп атайды. Осы нүкте бойынша сорғыштың барлық сипаттамаларын ( , , және ) анықтайды. Жүйедегі берілген шығын сорғыштың берілісіне тең, ал беріліс сорағыш тегеуріні сияқты, өз кезегінде жүйедегі тұтынытын тегеурінді анықтайды.
Іс жүзінде сорғыштар паралель және тізбектеліп қосылып жұмыс істейді.
Параллель қосылып жұмыс істегенде сорғыштардың жалпы сипаттамасы, әр сорғыштың сипаттамасының абсциссаларының қосындысына тең болады.
Тізбектеліп қосылған кезде сорғыштардың жалпы сипаттамасын, әр сорғыштың тегеурінін қосу арқылы ал
ады.
Сорғыштардың бірігіп жұмыс істеуі мүмкін, мысалы, ортадан тепкіш және поршенді. Егер поршенді сорғыштың іс жүзінде шексіз тегеурін туғызатынын ескерсек, ортадан тепкіш сорғыштар үлкен берілісті болады, олар жүйеде бірігіп жұмыс істегенде оларды көбінесе параллель қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет