Дәріс сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз


Сығымдағыштардың жұмыс орнықтылығы. Помпаж



бет14/19
Дата04.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466428
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Д ріс с йы ты тарды жылжыту. Сор ыларды р т рлі т рлері ж не о

2.11. Сығымдағыштардың жұмыс орнықтылығы. Помпаж
Сығымдағыштарды қалыпты пайдалану үшін олардың жұмысы орнықты болуы тиіс. Жұмыс орнықтылығы деп егер жүйедегі кездейсоқ толқулардан соң (мысалы электр желісіндегі жиілік өзгеруі себебінен жұмыстық дөңгелектің айналу жиілігінің өзгеруі, қысым шығынының гидростатикалық құраушысының кенет өзгеруі, шығым өзгеруі және т.б.) сығымдағыштың жұмыс тәртібі бастапқы жағдайына қайта орала алатын мүмкіндігін айтамыз. Мұны түсіндіру үшін сипаттамасы біркелкі төмен түсетін (Нс) сорғы мен сипаттамасы Нж болатын желі жұмысын қарастырайық (2.15 -сурет).
Егер беріс кенет Q шамасына артса, желі кедергісі (1-нүкте) сорғы тегеурінінен (2-нүкте) көп болады да, желі сорғы жұмысына кедергі жасап, жұмыс тәртібін алғашқы орнына қайтаруға тырысады (А нүктесі). Ал егер беріс әлде бір себептермен Q шамасына кеміп кетсе, сорғы тегеуріні (3-нүкте) желі кедергісінен (4-нүкте) басым болып, сорғы берісін арттыра бастайды - жұмыс тәртібі А нүктесіне қайта оралады.
Сорғының желідегі мұндай жұмысы орнықты болып табылады.
Желіде бір сорғы жұмыс істейтін болса, онда орнықты жұмысының шарты мынадай болады
  . 
Кейбір жағдайларда сорғының жұмысы орнықсыз болады: беріс жоғарғы мәнінен нөлге дейін күрт азайып кетеді, ал тегеурін елеулі шамалар арасында тербеліп тұрады, шу және дірілдеулер байқалады. Мұндай құбылыс помпаж деп аталады.
Помпаж құбылысы Н=f(Q) сипаттамасының төмен түсетін сол жақ бөлігі бар сорғыларда орын алуы мүмкін (немесе сипаттамасының максимумы бар сорғыларда деп айтуға болады). Сорғының орнықсыз жұмысын 2.16 - суреттегі сұлба бойынша қарастырайық.
Сорғы (1) құбыр (3) бойынша сұйықты жоғарыдағы резервуарға (5) айдайды, ол жақтан сұйық құбыр (4) бойынша тұтынушыға беріледі.

Б астапқы жағдайда резервуардағы сұйық деңгейі “а” болып, ал сорғы А нүктесіндегі режимде жұмыс істесін делік. Егер тұтынушыға кететін сұйық шығыны сорғы берісінен QА аз болса, резервуардағы сұйық деңгейі көтеріле бастайды, ал желі сипаттамасы жоғары жылжып, сорғы берісі кемиді – жұмыстық нүкте А-дан М нүктесіне қарай орын алады. Жұмыстық нүкте М нүктесіне жеткеннен соң да сорғы берісі тұтынушы шығынынан артық болса, резервуардағы деңгей “В” дан да жоғары көтеріліп, желі сипаттамасы сорғы сипаттамасынан жоғары орын алады. Демек бұл жағдайда желіге қажетті тегеурінді сорғы қамтамасыз ете алмайды да нәтижесінде беріс үзіледі. Сұйықтың кері ағуы әсерінен кері клапан жабылып, сорғы Q беріспен және Н0 тегеурінімен жұмыс істейді. Сұйық ағып келмеуі себебінен резервуардағы сұйық деңгейі төмен түсе бастайды, себебі құбырмен (4) сұйық тұтынушыға беріле береді. Сұйық деңгейі Н0 тегеурініне сәйкес деңгейге дейін түскен соң сорғы берісі қайта жалғасады: беріс бірден В нүктесіндегі Qв-ға дейін артып, резервуардағы сұйық деңгейі тағы көтеріле бастайды, сөйтіп жоғарыдағы құбылыс қайталанады.


Сорғы берісінің үзіліп, оның бос режимде жұмыс істеуі желі сипаттамасы өзгермеген жағдайда да орын алуы мүмкін (резервуардағы сұйық деңгейі тұрақты). Егер әлде бір себептермен сорғы сипаттамасы төмендесе (кернеу азайып, айналу жиілігі төмендесе немесе т.б.), ол желі сипаттамасын екі нүктеде қиып өтеді де (С және Д нүктелері), беріс үзіледі. Осы жерде сорғының М нүктесінің сол жағында жұмыс істей алмайтынын көрсетейік.
Мысалы, сорғы Д нүктесіндегі режимнен үлкен берісті Е нүктесіне ауыссын. Бұл жерде сорғы тегеуріні НЕ қажетті тегеурінен артық НЕЕ.қаж., сондықтан сұйықтың кинетикалық энергиясы, демек шығымы да артып, жұмыс нүктесі С нүктесінен орын алады және керісінше – егер сорғы Д нүктесінен кем берісті нүктеге ауысса, мұнда Нкк.қаж., сұйық энергиясы азайып, беріс нөлге дейін кемиді. Сонымен, М нүктесінің сол жағындағы режимдер орнықсыз болып табылады. Дәл осылай М нүктесінің оң жағындағы режимдерде сорғының орнықты жұмыс істей алатынын көрсетуге болады. Бірақ, М және В нүктелері арасында помпаж құбылысының орын алу қауіптілігі бар, себебі бұл режимдерде желі сипаттамасы сорғы сипаттамасын екі нүктеде қиып өтеді.
Сондықтан сорғының орнықты жұмысының шекарасы болып, негізінде В нүктесі саналады.
Помпаж құбылысы қазіргі жоғары айналымды қондырғыларда өте қауіпті: қондырғы немесе құбырлар жүйесі қатты тербелістер нәтижесінде қирап қалуы да мүмкін. Сондықтан помпажды ескертудің практикалық маңызы үлкен, оны болдырмау үшін:
1. Помпаж шекарасы мүмкіндігінше сол жаққа (берістің аз мәндеріне) ығысқан және сипаттамасының “дөңес” жері жоқ сорғыларды жасау қажет;
2. Сорғыға помпаж шекарасынан өтіп кетуге жол бермейтін арнайы құрылғылар жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет