Тест сұрақтары
1. Тілдің сөздік құрамын зерттейтін тіл білімінің саласы
А) Орфография
В) Лексикология
С) Фразеология
D) Орфоэпия
Е) Этимология
2. Ескі әдетке, діни сенімге, ырымшылдыққа байланысты кейбір сөздерді тура айтуға тыйым салу құбылысы тіл білімінде қалай аталады?
А) Сарказм
В) Гипербола
С) Варваризм
D) Синекдоха
Е) Табу
3. Көлемдік және мезгілдік тұрғыдан тілдің бейнелеуіштік жүйесін зерттейтін сала
А) Фономорфология
В) Фоносемантика
С) Лингвопоэтика
Е) Фонология
4. Тіл мен сөйлеу ұғымдары туралы тұңғыш ғылыми сараптама жасаған ғалым
А) Бодуэн де Куртенэ
В) В.Щерба
С) А.А.Реформатский
D) Ф.де Соссюр
Е) Э.Сепир
5. Лексикалық мағынаның толық анықтамасы
А) Шындық болмысқа қатысты атауыш мағына
В) Сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына
С) Сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады
D) Зат-құбылыстың, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны
Е) Еркін мағына
6. Тіл философиясының негізін қалаушы ғалым:
А) Э. Бенвенист
В) Э.Сепир
С) В.Фон Гумбольдт
D) Ф.Бопп
Е) Ф.де Соссюр
7. «Сөз» ұғымына ең жақын келетін анықтаманы айқындаңыз:
А) Сөз-дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица
В) Тіл қаруы- сөз
С) Сөзде белгілі мағына болады
D) Бұлардың бәрі де анықтай алмайды
Е) Заттар мен құбылыстар сөз арқылы беріледі
8. Тілді этностың әдет-ғұрпы, салт – сана, мәдениетімен байланыстыра зерттеуге негіз салған ғалымдар:
А) Ф.де Соссюр
В) Э.Сепир, Б. Уорф
С) Ф.Бопп
D) Л.Ельмелев
Е) Э. Харрис
9.Тілдік универсалийге жатпайтын құбылыс
А) Суффикс
В) Род категориясы
С) Жұрнақ
D) Түбір
Е) Осының бәрі
Достарыңызбен бөлісу: |