Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәні және оның мәні. Ұрғашы малдың жыныс аппаратының физиологиясы



бет3/4
Дата15.05.2024
өлшемі1.71 Mb.
#501184
1   2   3   4
Сро (2)

Күйлеу феноменінің байқалуы

  • Шырыш ағу феноменінде жатырдың кілегейі қабатындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болып өседі, олар сөл бөліп шығарады. Малдың сарпайынан созылмалы ақ сұйық шырыш бөлінеді. Шылым ағу феноменінен кейін 1-1,5 тәулік ішінде малдың мінез-құлқы өзгеріп, келесі, екінші феномен басталады.
  • Жыныстық қозу (жалпы реакция) феноменінде сиыр мазасызданып, азыққа тәбеті өзгереді, сүті азаяды және оның сапасы өзгереді. Басқа сиырға артылып, шағылысуға әрекет жасайды. Бірақ бұқаны жолатпайды, бұл феномен 15-24 сағатқа созылады кейде байқалмайды да.
  • Күйелеу (либидосексуалис) Ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Аталық мал асылғанда, қозғалмай тұрып қалады. Сиырда күйлеу орта есеппен 20 сағатқа дейін созылады, қыстың күндері 10-13 сағатқа, ал жазда 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Малдың күйелегенін күйіттеуші мал (пробник) арқылы анықтаған дұрыс.

Жылқы және түйенің шағылысуы

  • Овуляция-деп пісіп жетілген фолликулдың жарылып, ішінен сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады. Бұл қозу сатысының соңғы феномені. Аталған үрдістің алдында жұмыртқалықта өте күрделі, овогенез үрдісі өтеді. Овуляцияның өткенін тік ішек арқылы тексеріп, жарылған фолликулдың орнында шұңқыр пайда болғанынан сипап біледі. Кейін ол орын қанға толып, ол ішкі секреция безі сары денеге айналады –ол прогестерон деген гормон бөледі.
  • Тежелу сатысында барлық феномендер бәсеңдеп, соңына қарай мүлдем жойылады, сөйтіп овуляциямен аяқталады. Мал бұрынғы қалпына келіп, тәбеті қалыптасады. Тежелу сатысында жатырдың кілегейлі қабатында эпителий қалыптасады.
  • Жыныстық циклдің теңдесу сатысында- жатыр мойнының секреторлық торшалары қою, полисахаридті шырыш бөледі. Егер малдың жыныс циклі ұрықтанумен аяқталса аталған шырын жатыр мойнында тығын түзейді, оны кейін, қынаптық айнаның көмегімен көруге болды. Ұрғашы малдың ұрықтанғанға дейінгі уақытын сервис кезеңі дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет