- Сиырды тік ішек арқылы жұмыртқасын тексергенде пісіп жетілген фолликулалардың көлемі 2-2,5 см болып томпиып білініп тұрады, ал фолликула жарылғанда (овуляция болғанда) орны шамалы шұңқыр болып білінеді.
- Түйенің жыныстық циклі 6-33 күнге дейін созылады, ал түйе тоқтамаған жағдайда жыныстық циклі 9-65 күн аралығында қайталанады. Түйенің қозу кезеңі ұзаққа созылады, ал ыстық түсуіне байланысты ол бәсеңдейді. Түйенің жыныстық циклі көп циклді малдар қатарына жатқызады, ол қаңтар мен шілде айларының ортасында өтеді. Түйенің жыныс мүшесінен кілегейлі сұйық заттардың ағуы шамалы байқалады. Нардың қашқан қашпағанын оған бураны жібергенде байқалады. Егер нар қашпаса, шағылысу үшін бураның алдына жатады. Овуляция шағылысу кезінде немесе ол біткеннен кейін болады.
Қорытынды - Организмнің жыныстық қатынасқа пісіп жетілу қабілеті орын алғанда, денеде жыныстық қатынас гармондары пайда болады. Ол ұрғашы малдарда жыныстық циклдердің, ал еркек малдарда жыныстық рефлекстердің пайда болуымен белгілі болады. Мал түліктерінде жыныстық қатынастарға пісіп жетілу физиологиялық пісіп жетілуден ертерек болады.
- Малдардан төл алу үшін олардың жасы физиологиялық пісіп жетілу қабілетіне келгенде ғана және ол малдардың салмағы төлдеген малдардың салмағының ең кемі 70%-на жету қажет. Малдың ең жақсы төл беретін мезгілдері: жылқыда 16-18 жасқа дейін, сиырда 10-12 жасқа дейін, қой, ешкіде 6-9 жасқа дейін, шошқада 7-10 жасқа дейін.
- Пайдаланған әдебиеттер
- Жоланов М.Н., Қалтаев Ш.Қ., Жукин Б.Д. Қойбағаров Қ.У. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехникасы. Оқулық. Дәуір 2012.
- Студенцов А.П. и др. «Ветеринарное акушерство и гинекология» 1986 г. Оқулық Агропромиздат.
Достарыңызбен бөлісу: |