Несепті зерттеу.
Несепті зерттеу бүйрек және несеп шығару жолдарының диагностикасында маңызы үлкен. Несепті зерттеу жолдары:
1. Жалпы клиникалық зерттеу.
2.Биохимиялық зерттеу.
3.Цитологиялық зерттеу.
4.Бактериологиялық зерттеу.
І.Жалпы клиникалық зерттеу мақсаты несептің физикалық қасиетін, химиялық құрамын тексеру және несеп тұнбасын микроскопиялық жолмен зерттеу. Жалпы тексеруге көбінесе науқас ұйқысынан тұрғаннан кейінгі таңертеңгілік уақытта, несеп шығаратын жолдары жылы сумен жуылғаннан кейін, 100-200 мл мөлшерде несеп алынады. Зерттеуге алынған несеп 1-1,5 сағатішінде зертханаға жіберілуі тиіс. Әйелдерде етеккір циклі кезінде несеп зерттеуге алынбайды, тек өте қажет болған жағдайда ғана несеп катетермеи алынады. Несеп жинайтын ыдыс таза, құрғақ болуы тиіс. Несеп құрамы қабылдаған тағам түрі мен ішкен сұйықтық мөлшеріне байланысты. Ішкен сүйықтық пен бөлінген несеп мөлшерінің айырмасы су баламсы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |