Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет9/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

Несептің физикалық қасиеті.

Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктік диурез, несеп түсі мен иісі, несептің салыстырмалы тығыздығы жатады. Несеп түсі қалыпты жағдайда ашық сары түс ( сабан сары түс) пен янтарь-сары (қызғылт-сары түс) түс арасында болады. Несеп түсі оның концентрациясына, несептегі урохром пигменті, уробилиноидтардың мөлшеріне байланысты болады. Несепке ет пигменттерінің, билирубиннің араласуы мысалы; сарғаюда несеп түсін жасыл қоңыр түске, уробилиннің араласуы қызыл қоңыр түске, аспирин, амидопирин және тағамға қызылшаның көп мөлшерде қосылуы несеп түсін ақшыл қызыл түске, метил көгі бояуының араласуы несеп түсін көгілдір жасыл түске, рауғаштың (ревень) араласуы несеп түсін жасыл сары түске өзгертеді. Несеп түсі бөлінетін несеп мөлшеріне де тәуелді. Полиурия кезінде несеп ақшыл сары түсті, олигурия кезінде қою сары түсті болады. Несепке қан араласа түсі жас ет жуындысының түсіндей болады, ірің араласса несеп лайқаланвп, түсі ақшыл болуы мүмкін.

Несеп айдайтын дәрілер қабылдағанда, сүйықтықты мөлшерден артық қабылдағанда, патологиялық жағдайда диурез көбейгенде мысалы; қант диабетінде несеп түссізденеді.

Несептің өзіне тән онша өткір емес иісі болады. Несеп қуықта және басқа жерде бактериялар әсерінен бұзылғанда аммиак иісі пайда болады. Қант диабетінің ауыр түрінде несепте кетон денелері болса, несептен шіріген алма иісі шыгады (жеміс иісі).

Белгілі бір уақыт ішінде бөлінген несеп мөлшері диурез деп аталады. Сау адамның тәуліктік диурезі 1-1,5 л. тең

Несеп бөлінуінің бузылуы, оның түрлері; полиурия, олигурия, анурия, никтурия, дизурия, поллакурия, странгурия, изурия. Полиурия бұл тәуліктік диурездің 2,0 л/н көп болуы. Полиурияның себептері; бүйрек аурулары, қант диабеті, қантсыз диабет, несеп жүргізетін дәрілер қабылдау, бүйрекке байланысты емес ісіктердің қайтуы. Олигурия дегеніміз - тәуліктікдиурездің 600 мл-ден кем болуы. Олигурияның себептері: бүйрек аурулары (нефрит, нефроз, өткір бүйрек жетіспеушілігі) және қызба көтеріліп қатты терлегенде, тоқтаусыз құсып іш өткенде, ісіктің пайда болу кезеңінде. Анурия бұл несеп бөлінудің тоқтауы.



Анурияның бүйрекке байланысты себептері; жүрек жетіспеушілігі ніңауыр түрінде, шок, қансырау, бүйрекартерияларының түйілуі, операция салдарынан дамитын өткір бүйрек жетіспеушілігінде бүйректе несеп түзілмегендіктен. Бүйрекке байланысты емес анурия - ишурия деп аталады, ол несеп жолдары, қуық және уретра тұсында несептің бөлінуіне кедергі пайда болғанда кездеседі.

Никтурия түнгі диурездің көбеюі. Никтурия жиі бүйрек , жүрек шамасыздығында байқалатын симптом. Бүйрек ауруында никтурия полиуриямен қосарлана кездессе, жүрек ауруында никтурия олигуриямен бірге кездеседі.

Изурия несептің тәулік ішінде әр уақыт бірдей мөлшерде бөлінуі. Дизурия несептің бөлінуінің бұзылуы мен бөлінгенде ауырсынуы. Поллакурия несептің жиі бөлінуі, ол қуық пен үрпі каналы қабынғанда кездеседі. Қалыпты жағдайда несептің бөлінуі тәулігіне 4-7 рет болады. Странгурия несеп бөліну кезінде байқалатын сыздаған ауырсыну, бұл цистит пен уретритте кездеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет