Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар


Несепті бактериоскопиялық және бактериологиялық жолмензерттеу



бет16/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

4. Несепті бактериоскопиялық және бактериологиялық жолмензерттеу.Несеп жүйесінің жұқпалы ауруларының себебін табу үшін зарасыздандырылған ыдысқа 3-5 мл несепті жинап, несептен себінді жасайды. Туберкулез микобактериясын табу үшін несеп тұнбасын Циль-Нильсен тәсілімен бояиды. Несептегі микроорганизмдердің саны мен сапасын анықтау үшін бактериологиялық тексеру жүргізеді. Бактериурия анықталған жағдайда оның дәрежесін, микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығын анықтайды.

Функциональды әдістер.

Бүйректің функциональдық жағдайы деп бүйрек қызметінің нәтижесінде қанның әр түрлі шлактардан тазару дәрежесін айтады. Оны анықтаудың тура және жанама әдістері болады. Тікелей әдістерге бүйрек клиренсін анықтау және Реберг сынама тәсілі жатады.

Жанама әдістерге: Зимницкий әдісі, қалдық азот жэне оның кұрамын анықтау, бүйректің концентрациялау (Фольгард тәсілі) және бүйректің несепті сұйылту қызметін тексеру.

Қалдық азот деп қандағы белокты емес қосындылардың азотын айтады. Қалыпты жағдайда қалдық азоттың мөлшері 14,28-28,56 ммоль/л тең, қанда көбеюі азотемия деп аталады, ол бүйрек шамасыздығының белгісі.

Қалдық азот құрамы: индикан, қалыпты мөлшері 0,2-0,8 мг/л немесе 068-5,44 мкмоль/л , индиканның қанда көбеюі бүйрек шамасыздығы дамуының ең алғашқы сатысының белгісі.

Креатинин. Қалыпты мөлшерде 0,088-0,176 ммоль/л, көбеюі бүйрек шамасыздығыныңң алғашқы белгісі.



Мочевина қалыпты мөлшерде 3,23-6,46 ммоль/л. Мочевинаның қанда көбеюі бүйрек шамасыздығының айқын белгісі.

Бүйректің концентрациялау қызметін тексеру; Фольгард тәсілімен науқас 36 сағат сұйық тамақ қабылдамай соңғы 24 сағат ішінде несепті әр 3 сағат сайын ыдысқа бөліп жинайды. Әр порциядағы несептің салыстырмалы тығыздығын анықталады. Әдістің нәтижесін тек тәуліктік диурез 400 мл-н аспаған жағдайда ғана есепке алады. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы салмағы 1028 жетуі керек. Несептің салыстырмалы салмағы 1,020-1,024 болса, бүйрек қызметінің нашарлағаны, егер 1.011-1.020 болса, бүйрек қызметінің күрт нашарлағаны, 1,010-нан төмен болса, бүйрек жетіспеушілІгінің ауыр дәрежесін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет