Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет13/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

Несепте билирубинді анықтау.

Қалыпты жағдайда несепте билирубин анықталмайды. Несепте билирубиннің пайда болуы билирубинурия деп аталады, ол қанда байланыстағы (прямой) билирубин; (билирубин глюкуронид) көбейгенде кездеседі, мысалы паренхиматозды және механикалық сарғаюда. Несепте кетон (ацетон) денелерін анықтау.

Қалыпты жағдайда несепте кетон денелері анықталмайды Несепте кетон денелерінің (ацетон, ацетон-сіріңке қышқылы, бета-оксимайы қышқылы) анықталуы кетонурия деп аталады. Кетонурия қант диабетінің ауыр түрінде, бауыр мен бүйрек өткір зақымданғанда байқалады. Несепте уробилиноидтарды анықтау.

Уробилиноидтарға уробилин, (уробилиноген, уробилин.) және стеркобилин (стеркобилиноген, стеркобилин) жатады. Олардың несепте анықталуы уробилинурия деп аталады, олар бауыр ауруларында, гемолитикалық анемияда кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет