Қалыпты жағдайда несепте глюкоза анықталмайды. Несепте глюкозаның пайда болуы глюкозурия деп аталады. Глюкозурия қандағы глюкоза мөлшері (қалыпты жағдайда 4,6-6,6 ммоль.л 9,9 ммоль/л-н жоғары болғанда пайда болады. Несептегі глюкоза мөлшерін индикатор қағаз «глюкотест», «глюкофан» көмегімен анықтауға болады. Физиологиялық глюкозурия мөлшерден артық көмірсутегілерді(алиментарлық глюкозурия) және кейбір дәрілерді (кофеин, кортистероидтар) қабылдағанда (эмоциональдық глюкозурия) пайдаболады. Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,
Иценко-Кушинг синдромында, бауыр циррозында, бүйрекауруларында байқалады.