Дәріс: Тәрбие-мәдени-тарихи феномен



бет1/5
Дата03.01.2024
өлшемі29.78 Kb.
#488426
  1   2   3   4   5
1 дәріс


1 Дәріс тақырыбы «Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі»
Дәріс жоспары:
1.Тәрбие-мәдени-тарихи феномен.
2.Тәрбие үдерісінің мәні, құрылымы мен логикасы.
3. Тәрбие үдерісінің қағидалары.
4.Тәрбиенің ұлттық өзіндік ерекшелігі.


Дәріс:
1.Тәрбие-мәдени-тарихи феномен.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басым бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына республиканы кіргізу межесін қойып отыр.
Қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені аға буын өскелең ұрпаққа беруі қажет. Осы тәжірибе мен білімді меңгеру тәрбие процесі арқылы жүргізіледі.
Жас ұрпақты тәрбиелеу адамзат қоғамының өмір сүруі және үдемелі- индустриялы дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.
Тәрбие – қоғамның, материалдық өндірістің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін фактор, күш-құрал. Тәрбие өзінің мазмұны, мақсаты мен сипатын әр қоғамдық құрылыс пен формацияларға сәйкес өзгертіп отырады. Сондықтан тәрбиені тарихи феномен ретінде қарастырады.
Таптық қоғам дамуының тарихи сатысында жас ұрпақтың тәрбиесі, білім алуы таптық сипатта болды. Оның мақсаты мен бағыты үстем таптың саясаты негізінде құрылды. Ол үстем таптың қоғамдағы саяси-экономикалық үстемдіктерін орнатудағы басты құралдардың бірі болып келеді.
Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туындайтын объективтік процесс. Тәрбие деп тар мағынада тәрбиешінің және тәрбиеленушінің ата-аналармен бірігіп, жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана тәрбиеші және ата-аналар шұғылданып қоймайды, әртүрлі қоғамдық ұйымдар және қалың жұртшылық болып айналысады.
Тәрбие – кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуі.
Тәрбие тар мағынада емес, кең мағынада, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде көрініс табады.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қатынасқа көшіру кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құруы іскер, өмірге икемделгіш, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, педагогика ғылымында тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны жан- жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу.
Ал И.Г.Песталоцци: «Тәрбиенің мақсаты – балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту» – деп ерекше атап көрсетеді.
Неміс педагогы А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, мектептің міндеті – адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу екендігіне баса тоқталды.
Ресей педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу» – деп, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек --- тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырса, «Человек как предмет воспитания» еңбегінде: «Жақсы әдет – адамның нерв жүйесіне жиған адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз өсе береді және оның проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады. Әдет капиталы пайдаланудан өсе түседі және экономикалық өмірдегі мүлік капиталы сияқты адамға өзінің аса бағалы күші – саналы ерік күшін барған сайын жемістірек жұмсауға және өз өмірінің адамгершілік құрылысын әр жолы ірге тасынан қайта бастамай және өз санасы мен ерік күшін өзі бір рет жеңіп шыққан қиындықтармен күреске шығындамай-ақ биіктеткен үстіне биіктете беруге мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Атақты педагог А.С.Макаренко: «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан- жақты дамыту» деген пікірді қолдаса, ал В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Ұлы ұстаз әл-Фараби: «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды.
Қазақтың кемеңгер-ағартушысы А.Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырса, ал педагог М.Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқитындай болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» – деп ерекше атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет