Тәрбие процесі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі
Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар оқудан тыс кезеңдегі тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие теориясын зерттеуге қомақты үлес қосқандардың бірі – А.С.Макаренко. Ол тәрбие процесінің төмендегідей ерекшеліктерін ашып көрсетті:
Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы, сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандырылуы.
Өзін-өзідамытудыңнегізгісипаттамаларыболыптабылатындар:
тұлғаның әртүрлі бағыттағы процестері: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, физиологиялық, философиялық және т.б.
бұл процестердің өзегі – жасаушылық мәні болатындығы болып табылады;
тұлғаның барлық аймағын қамтитын қарама-қайшылықтарды шешетін сандық және сапалық параметрлері болады;
өзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде жүреді.
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама- қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен тығыз байланысты, біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты9 мағыналы қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.
Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін тәрбиешіге өзінің ішкі әлеуетін толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі туады.
Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясына психологиялық талдау инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамытуын ояту негізінде тәрбиешінің қажеттілігі, қызығушылығы, әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.