Дәріс: Тәрбие-мәдени-тарихи феномен


Тәрбиенің ұлттық өзіндік ерекшелігі



бет5/5
Дата03.01.2024
өлшемі29.78 Kb.
#488426
1   2   3   4   5
1 дәріс

4.Тәрбиенің ұлттық өзіндік ерекшелігі.
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбиелік жүйелерінің мақсаты:
жеке тұлғаның бойында біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру.
Жалпы мектептің тәрбиелік жүйесі өз дамуында төрт кезеңнен өтетінін тәжірибе көрсетеді.
Бірінші кезең – жүйенің қалыптасуы. Осы кезеңнің маңызды құраушы сатысы ретінде прогностикалық (болжам) сатысы болуы керек. Дәл осында болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасының құрастырылуы жүзеге асырылады, оның құрылымы мен бөлшектері арасындағы байланыстары айқындалады.
Екінші кезең – жүйенің жасалуы, ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау. Бұл кезеңде мектеп ұжымының, өзін-өзі басқару және қатар басқарудың дамуы болады, іс-әрекеттің алдыңғы қатарлы түрлері, жүйенің жүзеге асуының басым бағыттары анықталады, ең тиімді педагогикалық технологияларын пайдаланады.
Үшінші кезең – жүйенің ақырғы рәсімделуі, жүйені лайықты тәртіпке келтіру, жаңалықтарды ендіру. Бұл кезеңде мектеп ұжымы – ортақ мақсатпен, әрекетпен, ынтымақтастық, шығармашылық қатынастарымен біріккен жасөспірімдер мен ересектердің достығы.
Төртінші кезең – тәрбие жүйесінің жаңа мазмұнда қайта құрылуы Тәрбие жүйесінің кез келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы қызметкерлердің іс-әрекетінде, қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаты мен міндеттері айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелік мақсатынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбиелік жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет