Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет11/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Қорытынды
Жеке тұлғаның психикалық дамуының жасына байланысты кезеңділігі адамның өмірінің әртүрлі кезеңдерінде қандай міндеттер мен қиындықтарға тап болатынын түсінуге көмектеседі. Бұл түсінік өзін-өзі жақсы түсінуге, ата-ананы тәрбиелеуге, пациенттермен жұмыс істеуге және тиімді оқыту әдістері мен психологиялық қолдау көрсетуге пайдалы болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары.

  1. Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесін түсіндіріңіз.

  2. Ерте балалық шақ дағдарысы?

  3. Қазақстан халықтарындағы ересек адамның индивидуалды даму периодизациясының өзіндік мәселелері.

  4. Шетелдік периодизация теорияларына талдау (А.Гезелл, С.Холл, К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).




1

5

Дәріс 5 Дәріс 5. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық даму ерекшеліктері


Дәріс жоспары:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың (3-7 жасқа дейін) психикалық дамуы.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы.
3. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың оқуға психологиялық дайындығы.


1. Мектепке дейінгі жастағы балаларлың (3-7 жасқа дейін) психикалық дамуы.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өсіп, салмағы тез артады. 3-тен 7 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі.
Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады.
7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.
3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.
4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.
5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі және әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет