Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Дәріс 10 10-ДӘРІС. ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ



бет26/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Дәріс 10
10-ДӘРІС. ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ
Жоспары
1.Оқушылардың мінез ерекшеліктері және психологиялық типтері
2.Оқушының гендерлік әлеуметтенуі.

Дәрістің мақсаты.



  • Студенттерге оқушылардың психологиялық типтері және гендерлік ерекшеліктері туралы түсініктеме беру;

  • Білім беру үрдісінде оқушының психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін есепке алуды меңгеру;

  • Білім беру барысында оқушымен тиімді қарым -қатынас жасау дағдыларын практикада қолдана алу.

Дәрістің кілттік сөздері



  • Психологиялық типтер.

  • Гендерлік әлеуметтену.

  • Білім беру үрдісіндегі ер және қыз бала моделі.

Ұсынылатын әдебиеттер мен дерек көздер



  1. Талызина Н. Ф. Педагогическая психология: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений -- М.: Издательский центр «Академия», 1998. - 288 с.

  2. .Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебник для вузов. М., 2004.

  3. Педагогическая психология: Учебник для студ. высш. учеб. заведений / Под ред. Н.В.Клюевой. М., 2003.

Педагогикалық процестің сапасын арттырудың негізгі мүмкіндіктерінің бірі – оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін білу. Психологиялық ерекшеліктерді оқыту барысында және оқушыны өмірлік дағдыларға икемдеу кезінде ескеру қазіргі қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Осы орайда, жасөспірімдердің мінез-құлқының типтерін есепке алу және мінез ерекшеліктерін ескере отырып сабақ бағдарламаларын құрастыру болашақ педагог үшін маңызды.


Сонымен оқушының психологиялық ерекшеліктерін білу болашақ педагог үшін қандай маңыздылығы бар ?
1.Экстраверттік тип.
Экстроверт деген ұғым сыртқа бағытталған оқушы. Ашық белсенді еркін.
Үнемі көшбасшылыққа ұмтылады, сыни пікірлер мен нұсқауларды және бір сарынды жұмысты ұнатпайды. Басқа балалармен қарым қатынаста агрессивті болады. Мектеп басшыларына да ол дөрекі, тез ашуланшақ, әдепсіз әрекеттерімен ерекшеленеді.
Оқу процесінде тәртібінің бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты олар әкімшілік жазаға жиі ұшырайды. Оқуда үлгермей қалса, ол басқаларды кінәлау арқылы өзін ақтауға тырысады. Ұйымдастырушылық іс-әрекетке бейім, қоғамдық өмірге ықыласпен араласады. Бірақ көп жағдайда басқа нәрсенің жетегінде кетіп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алмайды. Мінез құлқы табиғатынан импульсивті яғни жылдам қозғалады. Ол ешқашан болған оқиғаға өкінбейді. Кез келген жағдайда менікі дұрыс деген бағытты ұстанады.
Өзін-өзі бақылау біршама төмендеу.Мұндай балалар сабақты тез қабылдайды. Ұғымы жақсы. Бірақ өмірде тұрақсыздау болады.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Психология модул курсында өткен темперамент типтерінің қай түрін осы эстровертивті типке жатқызуға болады?
2.Конформды тип. Осы ұғымды сіздер қалай түсінесіздер?
Мұндай оқушылар басқалармен жақсы қарым-қатынасқа ұмтылады. Кикілжіңге түсуді қаламайды. Көбінесе бітімгершілік саясатын ұстанады. Яғни көп жағдайда кез келген мәселені ұрыс керіссіз шешкенді ұнатады. . Стресстік жағдайды болдырмау үшін жанжалдарды шешуге, оларды әзілге айналдыруға тырысады. Бұл типтегі оқушылармен жұмыс істеу жеңіл. Олардың сабақ үлгерімі басқаларға қарағанда біршама төмендеу болса да, жақсы дос болып саналады. Ол жұмсақ, ақжарқын, сөзге көнгіш, мектеп мұғалімдеріне сыпайылықпен жоғары мәдениетпен қарайды. Кейде оның пікіріне сәйкес келмеген жағдайда да тапсырмаларды қарсы келмей адал орындауға тырысады. Ол импульсивті әрекеттерге бейім. Оқу іс-әрекетінде шығармашылық сипат байқалмайды. Ол барлық жұмысты «басқалар сияқты», «үйреткендей» жасайды. Яғни креативтілігі төмендеу. Әлеуметтік бейімделуі жоғары. Мұндай оқушылар бизнеске жақын болмайды. Көбіне мансапқа тырысушылық жоғары болады. Басшы болуға талпынбайды, бастамашылдық танытпайды, еңбек тәртібін бұзбайды. Қоғамдық жұмыстарға өз еркімен қатысады, бірақ кішігірім рөлдерде ғана. Монотонды жұмыстарды оңай орындайды.
3.Тұрақсыз тип.
Білім беру процесінде мұндай оқушылардың сабаққа деген ынтасы жоқ. Өзінің жеке жұмыстарына және қоғамдық жұмыстарға да немқұрайлы қарайды. Басқа сыныптастарының қиыншылықтарына да селқос және суықтау. Бағалау деңгейі жоғары. Бірлескен жұмыс барысында жиі кикілжіңдерге түсіп тұрады. Өзін дамытуға келгенде жалқаулық танытады. Өзінің денсаулығы мен әл-ауқатына қатты алаңдайды.
Біруге деген күдігі басым. Басқалары көмектескенді қаламайды. Бұл көбінесе қарым-қатынасты нашарлатады. Ұйымдастырушылық іс-шараларға бейім емес. Мінезі тұйық. Сырт адамдарға мейірімді болып көрінгенмен іштей немқұрайлық басым.
4. Эмоционалды- тұрақсыз тип.
Мұндай типтегі оқушылар сыртынан қарағанда сабақта белсенді жақсы жұмыс істегісі келетін сияқты болып көрінеді. Бірақ көңіл күйінің нашарлығына байланысты өзінің міндеттерін сапалы атқара алмайды. Ол өзінің көңіл күйінің жоқтығы туралы сыртқа білдіргісі келмейді.Сол сабақта қайткен күнде көзге түсіп сабаққа белсенді болып отыру кейпінде болуды қалайды.
Сабырлы, монотонды әрекеттерді жақсы көреді. Ашушаң және кейде конфликтіге түсіп қалады.. Конфликтіден кейін ол болған оқиғаға өкінеді және және ұзақ уақыт бойы соны ойлап жүреді.Кез келген сәтсіздікті ауыр қабылдайды. Сабақты жақсы айтсам да мені төмен бағалайды. Басқаларды жоғары бағалайды деп ойлайды. Көшбасшы болуды қаламайды.. Ынта жігері де төмен болады. Ұйымдастырушылық жұмыстарға бейім емес, қоғамдық өмірге араласпауға тырысады, шығармашылық қабілеті аз, қызығушылықтары шектеулі. Оның ішкі әлемі жабық десе болады. Өз қабілетіне сенімді емес, пессимист. Әзілге бейімі аз. Шулы компанияларға қарағанда жалғыздықты жақсы көреді. Топқа қарағанда өз бетінше жақсы жұмыс істейді.
5.Лабильді тип.
Бұл өзгермелі деген мағынаны береді. Мұндай тип басқалармен қарым-қатынаста көңіл-күйдің құбылмалылығымен ерекшеленеді. Оқу іс-әрекетінде сәтсіздік болса өзімен жұмыс жасап қайта жігерленіп сабаққа деген көңіл-күйі қайта көтеріледі.Сәтсіздіктер кездескенде біршама шыдамсыздық танытады.
Көңіл-күйі көтеріңкі болса, рахаттана жұмыс істейді, нормадан тыс жұмыс істеуге бейім, айналасындағыларды өзімен бірге сүйреп, көмектесіп отырады. Ұйымдастырушылық және шығармашылық әрекетке қабілетті. Көңіл-күйдің төмендеуі кезінде шаршау пайда болады, өнімділік төмендейді, жұмыс істеуге деген ұмтылыс жоғалады. Осындай типті оқушылар да мектепте жиі кездеседі.
6.Ритмдік тип.
Бұл тип лабилдік типке біршама жақын. Мінез ерекшеліктері әр түрлі ситуацияда өзгеріске ұшырап отырады. Бірде көңіл күй көтерілсе бірде төмендейді. Бұл оқу процесінде де байқалады. Бір күн сабақта белсенді қатысып отырса екінші күні мүлдем басқаша болады. Сабаққа деген ынта жігері төмен болады. Осындай мінездің өзгерісіне сыртқы факторлар мен физиологиялық гармоналдық өзгерістері әсер етеді.
7.Интровертивті тип
Мұндай типтегі оқушылар тұйық. Олармен байланысу қиын, өзімшіл. Өздеріне жоғары баға береді және ерекше тұлғамын деп санайды. Осы типтегі адамдар айналасындағылардың идеяларын түсінбейді.. Жұмыс барысында тәуелсіздікті және жалғыздықты жақсы көреді. Ішкі әлемін жасырады, және хоббиге бейім келеді. Өзінің хоббиі үшін ол көп нәрсені құрбан ете алады. Ол байсалды жұмыс істейді, бірақ елдің алдында болуды қаламайды. Бәсекелестікке немесе ұйымдастырушылық әрекеттерге ұмтылмайды. Тәртіпті бұзбауға тырысады. Құрбылары сұрамаса да көп көмектеседі.
8.Демонстративті тип.
Бұл типтегі адамдар жұрттың ортаның назарында болғанды ұнатады. Эгоистік қасиеттері басым.
Табандылықты қажет ететін , ұзақ мерзімді, жүйелі жұмысқа бейімді емес.. Басшылыққа, ұжымдағы көшбасшылық белсенділікке ұмтылады..Көп қиялдауға, өтірік айтуға және пайымдауға бейім. Оптимист болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет