Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Дәріс 9 Дәріс 9. Мұғалім психологиясы



бет23/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Дәріс 9
Дәріс 9. Мұғалім психологиясы
Дәріс жоспары:
1. Мұғалім тұлғасы
2.Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы.
3. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, сыныпты басқара алу қабілеті.

Мұғалім, ең алдымен, жас ұрпақтың рухани тәлімгері. Студент үшін ол заман мен дәуірдің, тарих пен мәдениеттің, халықтар мен тұлғалардың өзара байланысының тұлғасы. Мұғалімнің арқасында шәкірт, адамзат мыңдаған жылдарға созылған жолды, бірнеше жылда жүріп өтеді. Мұғалім – шәкірт үшін қашанда жанды үлгі. Оның тұлғасы еліктеу және өзін-өзі анықтау үшін ең күшті және ең беделді құндылық нұсқаушысы болып табылады.


Педагогикалық психологияны зерттеу студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды,оқыту мен тәрбиелеу, оқыту мен оқу іс-әр екеті, сондай-ақ педагогикалық ынтымақтастық процестерін талдау және психологиялық қамтамасыз етумен байланысты.
Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметті іске асыру процесінде пайда болады, қалыптасады және жаңғырып отырады. Педагогтың — кәсіби мақсаты — өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті. Оны іс жүзіне асыруды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерінін өзіне тән ерекше формалары бар.
К. Маркстің түсінігіне сүйене отырып еңбек процесіндегі педагогикалық қызметтің мыңадай, элементтерін атап өткен жөн: қызметтің мақсаты (дамыған социализм қоғамының мүшесін тәрбиелеу); іс-әрекеттің субъектісі (мұғалім); қызметтің объектісі (оқушы); белгілі қимылдар мен операциялардың жиынтығы ретіндегі іс-әрекеттің өзі (жекелеген ағарту, оқыту, дамыту мен тәрбие ықпалдары); қызмет құралдары (Кеңес мектебіндегі тәрбие және оқытудың мазмұны, формалары және әдістері); қызметтің шарттары (жалпы алғанда өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуге қоғамның назарын аудару, жалпыға бірдей міндетті арта білім алу және т. б.) жекелей алғанда — осы мектептегі оқу-тәрбие процесінің материалдық жабдықталуы (педагогтық ұжымның ынтымақтастық дәрежесі, мамандандырылған басшылықтың, көмектің т. б. болуы; қызметтің нәтижесі, оқушының жеке басының қалыптасқан белгілері мен сапалары).
Педагогикалық қызмет — педагогикалық ғылымның түрлі саласының зерттеу объектісі. Мысалы, дидактика педагогикалық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде оқытудын жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жеке методикалар нақтылы пәндерді оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін тудырады. Тәрбие теориясы мұғалімнің оқушыға тәрбие ықпалының принциптері мен заңдылықтарын ашады. Мектептану мұғалім еңбегін ұйымдастыруды зерттейді.
Педагогтық қызметтің психологиялық аспектісі кандай?
Педагогикалық қызметтің психологиясын мұғалім еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологиялық білім саласы тұрғысында және де мұғалім тәрбие институты арқылы қоғам тапсырған педагогикалық қызметтің мақсаты мен жүйесін қалай қабылдайтынын, беретінін, іс жүзінде асыратынын, ол өз іс-әрекетінің міндеттерін, формалары мен әдістерінің актуальдылығын нақтылы жағдайга байланысты қалай ұғынатындығын айқындауға болады.
Педагогикалық қызметтің мазмұны мен психологиясы алдымен әлеуметтік факторлармен — мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы арқылы, қоғамның мұғалімге қоятын талабымен, содан кейін әлеуметтік-психологиялық факторлармен: мұғалімді қоршаған адамдардың оның жеке басы мен қызметіне көзқарасындағы әлеуметтік үмітімен, оның педагогикалық қызметінің өрісіндегі өзіндік үміті және бағдарларымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет