Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы



бет24/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы. В.Дальдің «Түсіндірме сөздігінде» «мұғалімге» «тәлімгер, оқытушы» деген анықтама береді, яғни оның екі негізгі функциясы — оқушылардың әлеуметтік тәжірибені қабылдауы мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат тарихы барысында (мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы сопылар да, ақсүйек педагогтар да) ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесіне қойылып келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланысты тәлімгерлік, оқытушылық функцияларының мазмұны өзгереді.
Кеңес мұғалімінің орны мен функциясы дамыған социализм
коғамының жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісіне, коммунистік тәрбиенің барлық жүйесін және оның негізгі буынын (жалпыға бірдей орта мектеп) дамытып жетілдіре түсуге беріп отырған аса зор маңызымен айқындалады. Кеңес Одағының коммунистік партиясы Орталық Комитеті мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 29 декабрьдегі «Жалпыға бірдей орта мектептің оқушыларын үйретуді, тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру және оларды енбекке баулу туралы» қаулысында жалпыға бірдей орта білім жағдайында жас ұрпактарды оқытып, тәрбиелеуде қоғам алдында мұғалімнің жауапкершілігі арта түсетінін атап көрсетті.
Мектеп — жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуді іс жүзіне асыруға арналған негізгі мемлекеттік оқу-тәрбие мекемесі. Мектептердің алдында қоғамның койып отырған айқын міндеттері тұр — мектеп оқушыларын білім, ұғым және дағды жүйелермен қаруландыру — оларды коммунистік дүниетаным мен адамгершілік негіздерін қоғамдық мінез-құлықтың белгілі айқын дардыларын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі жағдайда мектепке қоғам тарапынан талаптар күнделікті өсіп келеді. Бұл қоғамда балаларды өмірге даярлаудағы өскелең талаптарға байланысты. Жаңа адамды қалыптастыру, жеке адамды жан-жақты дамыту, өмірдің социалистік бейнесін жетілдіруде программалық міндеттерді шешудегі маңызды роль мектепке берілген.
Окушыларды тәрбиелеу процесінде мектептен тыс ықпалдар мен мектептің арасында елеулі бәсекелесу жүреді. Бұл, балалардың өскелен автономиясымен, балалар бірге болатын топтар мен ұжымдар санының көптігімен, қала жағдайында баланың кейбір «анонимді» өмір сүру мүмкіндігімен, өскелен ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын қоғамдық институт санынын өсуімен дәлелденеді. Алайда ен бастысы мектеп бәсекесіз болып келген және болып та отыр. Бұның өзі оқу мен тәрбиелеудін мемлекеттік программасын жүзеге асыруда мектептің неғұрлым жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеудің процесін ұйымдастыруға қабілетті келетіндігін көрсетеді. Осы орайда шешуші роль мұғалімге беріледі.
Қазіргі Кеңес мектебінде мұғалім бірқатар функциялар орындайды. Мұғалім — класта оқу процесін ұйымдастырушы.
Ол— оқушылар үшін сабақ үстінде қосымша сабак және кеңес кезінде, оқу процесінен тыс уақытта да білімнің қайнар бұлағы. Мұғалімдердің көпшілігі класс жетекшілік функциясын атқарады, яғни тәрбие процесінің ұйымдастырушылары болады. Қазіргі мұғалім әлеуметтік психолог болмауы мүмкін емес, өйткені оған оқушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу, балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық механизмдерін пайдалана білу қажет. Мұғалім педагогтық ұжымының мүшесі ретінде мектеп ұжымының қызметін ұйымдастыруға қатынасады, пән мұғалімдерінің, класс жетекшілерінің методикалық бірлестігінде жұмыс істенді, мектептің партия, кәсіподақ, мұғалімдер комсомол ұйымының қоғамдық тапсырмасын орындайды. Ең соңында әрбір мұғалімі, ата-аналар мен көпшілік алдында лекция оқи және әңгімелесе отырып, педагогтық және қоғамдық саяси білімдер насихатшысы болады. Осындай көп жақты функцияларға байланысты мұғалімінің жеке басына қоғамның қойып отырған жан-жақты талабы өте айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет